Ерлан Амантайұлы Өтешев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

15:50, 2016 ж. желтоқсанның 27 кезіндегі Kasymov (Талқылауы) істеген түзету

Ерлан Амантайұлы Өтешев 1971 жылы 6 қыркүйекте Қарағанды облысының Шахан кентінде туған. Қазақ. Қарағанды политехникалық институтын (1994) «Пайдалы қазбалар кен орындарын жерасты зерттеу» мамандығы бойынша бітірген, тау-кен инженері. Қазақ, орыс және ағылшын (сөздікпен) тілдерін біледі. 1988 жылдан - Қарағанды политехникалық институтының студенті. 1995 жылдың ақпанынан қыркүйегіне дейін - Қазақстан-поляк «Глинкар» біріккен кәсіпорынының диспетчері (Қарағанды қаласы). 1995 жылдың қарашасынан - ҚР Қарулы күштері қатарында қызметте. 1998 жылдан - «Бүркіт» өндірістік кооперативінің қауіпсіздік қызметінің қызметкері (Шахтинск қаласы). 1999 жылдан - «Суканал» өндірістік кооперативінің диспетчері (Шахтинск қаласы). 2000 жылдың сәуірінен - Шахтинск қаласының әкімі аппаратының жетекші маманының м.а., 2000 жылдың қыркүйегінен - коммуналдық шаруашылықты басқару және реформалау бөлімінің жетекші маманы. 2001 жылдан - Новодолинск көнті әкімінің орынбасары. 2002 жылдан - Шахтинск қаласының әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің бастығы, әкімнің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары. 2004 жылдан - «Тентек ЖЭО» ЖШС атқарушы директоры (Қарағанды қаласы). 2005 жылдан - «Дизель Плюс» ЖК коммерциялық директоры (Қарағанды қаласы). 2006 жылдың мамырынан - Қарағанды қаласының әкімі аппаратының қаланың өмірін қамтамасыз ету мәселелерін талдау мен үйлестіру бөлімі бас маманының м.а., 2006 жылдың маусымынан - бас маманы, бөлім бастығы. 2007 жылдан - Қарағанды облысы әкімі аппаратының инспекторлықұйым- дастыру бөлімінің аға инспекторы - меңгерушісінің орынбасары. 2008 жылдан - инспекторлық ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі. 2009 жылдың қаңтарынан - Қарағанды облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің меңгерушісі. 2009 жылдың ақпанынан - Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімі. 2010 жылдан бері - Приозерск қаласының әкімі.<ref>Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub