Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Еркебұлан Әбілханұлы Қайназар"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ш (clean up, replaced: Туылған → Туған (3) using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:22, 2017 ж. сәуірдің 16 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Жазушы Еркебұлан Әбілханұлы Қайназар (18 қазан 1984 жыл, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, А.Үсен ауылы - айтыскер ақын, жыршы, термеші.

Өмірбаяны

Жас ақын Еркебұлан Қайназар А.Үсен атындағы орта мектепте оқып (1991-2001), кейін ақын Әбдіхалық Әбдірайымұлы ашқан Шымкент қаласындағы «Жас ақындар мен импровизаторлар, жыршы-термешілер» мектебін үздік бітірген (2001-2002). Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің педагогика факультеті, «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасында білім алып, үздік бітірген (2002-2006). ҚР Президенттік Мәдениет орталығының «Ұлттық дәстүрлер театрында» қызмет атқарған (2007-2012). 2012 жылдан Қазақ Ұлттық өнер университеті, Қорқыт ата атындағы ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер болып еңбек етеді. «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағының» атқарушы директоры. Еркебұлан – кейінгі айтыс өнерінде өзіндік қолтаңбасымен дараланып, қоғамдағы өзекті мәселелерді үлкен сахнадан көтеріп, халықтың ықыласына бөленіп жүрген ақын.

Марапаттары

2004 ж. - Астанада өткен «Ауылым¬алтын бесігім» атты Республикалық айтыста І¬ орын; 2008 ж. - Алматы облысы Алакөл ауданының 80 жылдығына орай өткен Республикалық айтыста І-орын; 2008 ж. - Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында өткен Республикалық айтыста Бас жүлде; 2010 ж. - Астанада өткен «Тәуелсіздік тағылымы» айтысында арнайы жүлде; 2011 ж. - «Тәуелсіз елдің таңы жарық» атты Халықаралық айтыста жүлделі ІІ орын; 2013 ж. - Тұңғыш рет ұйымдастырылған «Текті сөздің төресі – терме» атты Республикалық байқауда ІІ орын иеленген<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер