Ержан Малғажұлы Маямеров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

11:41, 2016 ж. қарашаның 17 кезіндегі Kaiyr (Талқылауы) істеген түзету

Ержан Маямеров Малғажыұлы (1972 жылы туған) — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы басшысы, бас имам (мүфти). Бұл лауазымға ол 2013 жылы 19 ақпанда Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезектен тыс VII құрылтайында сайланды.<ref>Бас мүфти сайланды</ref>

  • 1990 жылы Шығыс Қазақстан облысының Мақаншы ауданындағы Ғани Мұратбаев атындағы орта мектепті бітірген. Содан кейін Қарулы Күштер сапында әскери парызын өтейді.
  • 1991-1993 жылдары Отан алдындағы әскери борышын өтеп келген соң, сол жылы Мысырдағы Әл-Азһар Ислам университетінің шариғат және заң факультетіне оқуға қабылданды. Аталған оқу орнын 2006 жылы тәмамдады.
  • 2006-2008 жылдар аралығында Мысыр мүфтиятының пәтуа шығару бөлімінде білімін жетілдірді.
  • 2011 жылы 10 қазанда Әбсаттар қажы Дербісәлі хазреттің ұйғарымымен, Ержан Малғажыұлы ҚМДБ-ның Семей өңіріндегі өкіл имамы болып тағайындалды.

Әкесі Маямеров Малғажы Мұхамеджанұлы мен анасы Төлекова Жұмағайша Садыққызы педагог-ұстаз. Физика-математика пәнінің мұғалімі. Олар Мақаншы ауылындағы Ғани Мұратбаев атындағы орта мектепте қызмет еткен. Әкесі Малғажы Мұхамеджанұлы мұғалімдік қызметтен мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары дәрежесіне дейін көтерілген.

Бас мүфтидің балалық шағы Мақаншы ауылында өтті. Ол ұстаздар жанұясынан шыққан. Анасы Жұмағайша Садыққызы Алланың қалауымен бес құрсақ көтерген: екі ұл, үш қыз. Бүгінде олар отбасылы.

Ержан Малғажыұлының үш ұлы бар. Есімдері – Әли Маямер, Абдолла Маямер, Насрұлла Маямер.

Ержан Маямеровке діндарлық ата-бабаларынан дарыған. Ата-әжесі діндар болған. Кеңес үкіметінің «Құдай жоқ» деп ұрандатқан заманында да намазын тастамай оқыған. Оразаларына да берік болған. Әжесінің тәрбиесін көрген ол дінге жақын болып өсті. Исламның асыл құндылықтарын бала кезінде бойына сіңірді.<ref name="Istat" >Үлгі:Cite web</ref>

Дереккөздер

<references/>