Ережеп Әлхайырұлы Мәмбетқазиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:30, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Ережеп Әлхайырұлы Мәмбетқазиев 13.9.1937 жыл, Астрахан облысы — ғалым, химия ғылымдарының докторы (1981), профессор (1983) Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының академгі (2003).


Негізгі ғылыми жұмыстарының бағыты

  • координациалық қосылыстар электрхимиясы;
  • табиғат қорларын тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың химиялық, биологиялық әдістеріне арналған.
  • Түсті металлургия кәсіпорындарындағы түсті, сирек металдарды, өнеркәсіптің ақаба және қайтымды суларындағы сынап және соған сәйкес элементтерді, ауыр металдарды бөлу және анықтау әдістерін енгізді.
  • Сонымен қатар шараптарды диметалдау, қаракөл терілерін өңдеуде және сақтауда қолданылатын технологиялық ерітінділерді жасап, өндіріске енгізді.
  • Мәмбетқазиевтың тікелей қатысуымен жаңа технологиялар енгізу жөніндегі неміс концерні “Штокхаузен” мен “Альдос” фирмасының базалық кәсіпорны Қазақстан-Герман-Ресей экологиялық орталықтары ашылды (1996). Осы орталықтар негізінде таза су және жаңа технологиялар ҰЗИ құрылды.
  • Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің 12-шақырылымының депутаты.
  • Мәмбетқазиев “Парасат” орденімен марапатталған.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Казақстан Республикасының білім министрі, ҚР Үкімет мүшесі, ҚР Жоғарғы Кеңесінің 12 шақырылымының депутаты (1993-1995). Өскемен қаласының құрметті азаматы, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ құрметті ректоры; Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі, «Парасат» орденінің иегері. Президент пен Үкіметтің қолдауын тапқан және тәжірибеге енгізілген білім беруді реформалаудағы инновациялардың авторы. Оның бастамасымен 1991 жылы Өскемен педагогикалық институты Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті болып өзгертілді, ол ҚР-дағы үшінші және Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейінгі бірінші университет болды. Республикада халықаралық серіктестік негізіндегі бірінші – ҚАЕУ құрды. Қазақстан Республикасында тестілеу жүйесін, үш тілде оқытуды, үздіксіз көп сатылы білім беру жүйесін енгізудің бастамашысы болды, бұл бастама арқылы республикада ШҚМУ бірінші болып магистрлер мен бакалаврларды дайындай бастады. Ғылыми зерттеулерді дамытты, материалдық базаны нығайтты: университет бірнеше ірі ғимаратқа ие болды, Сібе көлінде оқу-ғылыми-өндірістік кешен салынды; ӨПИ меншігіне «Панкратьев бағы» атты бақ шаруашылығы берілді. ШҚМУ Университтердің еуразиялық ассоциациясы мен «Сібір ашық университеті» ассоциациясына мүше болды. Моңғолияда ШҚМУ филиалы ашылды.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Бастама {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}