Ерденбек Ниетқалиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

14:21, 2014 ж. қазанның 16 кезіндегі Arachn0 (Талқылауы) істеген түзету

Ерденбек Ниетқалиев (25.5.1914, Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Қамысты ауылы – 2.2.1945) – Кеңес Одағының Батыры (24.3.1945). Алматы малдәрігерлік институтын (қазіргі ҚазҰАУ-ті) бітірген соң (1936), Қызылорда облысына қызметке жіберіледі. 1939 жылы Қызыл Әскер қатарына шақырылды. Атты әскер дивизиясында эскадрон командирі болды. Польша жеріндегі Рарцебур қаласы маңындағы Рарцебур тас жолын қорғауда Ниетқалиева эскадроны ерекше ерлік көрсетті. Шайқас барысында жаудың 400 солдаты мен офицері, 3 ауыр зеңбірегі, 6 станокты пулеметі жойылып, 80 солдаты мен 5 офицері тұтқынға алынды. Осы шайқаста Ниетқалиев қазаға ұшырады. Ленин, Қызыл Ту, Қызыл жұлдыз ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Москваны қорғағаны үшін» медальдарымен марапатталған.

Сілтемелер

"Сыр елі энциклопедиясы"

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ерденбек Ниетқалиев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}