Ербол Тұрмаханұлы Орынбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:01, 2016 ж. қарашаның 21 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Ербол Тұрмаханұлы Орынбаев (29.06.1971 ж, Шымкент қаласы) – қоғам және мемлекет қайраткері, ҚР Президентінің көмекшісі (2013 жылдан бастап).

Карьерасы

1992 жылдан - «Ақ Бастау банкі» ААҚ коммерциялық бөлімінің маманы (Шымкент қаласы).

1993 жылдан - Мәскеулік «Фьючер» акционерлік коммерциялық банкі басқармасы төрағасының орынбасары. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің заң факултетін бітірген (1995).

1995 жылдан - Ливерпульдік «Welkfield inspection Services Ltd.» мақта сертификаттау компаниясының бас директоры (Шымкент қаласы). Халықаралық экономикалық даму жөніндегі магистр атағы бар.

19961998 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды.

19982001 жылы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттікте, Президент әкімшілігінде, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікте қызмет атқарды.

2001 жылы Дүниежүзілік банктің Вашингтондағы консультанты болып істеді.

2002 жылы экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің вице-министрі,

2003 жылы Маркетинг талдау, зерттеулер, орталығы басқармасының төрағасы болып тағайындалды.

2004 жылдың сәуірінен - ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары,

2005 жылдан - Әлеуметтік - экономикалық талдау бөлімінің меңгерушісі, 2006 жылдан - жетекшісінің орынбасары.


2007 жылдың қаңтарынан - ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің жетекшісі.
2008 - 2013 жылдары - ҚР Премьер-министрінің орынбасары.
2013 жылдың қарашасы - ҚР Президентінің көмекшісі.
24 тамыз 2015 ж. ҚР Президенті көмекшісі қызметінен босатылды.<ref>помощником Президента Республики Казахстан</ref>

«Air Kazakhstan» ЖАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (2002-2004); «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ, «КЕСОС» ЖАҚ,

«Қазақстан темір жолы» ҰК» ЖАҚ (2003-2004) директорлар кеңесінің мүшесі;

«Астана халықаралық әуежайы» ЖАҚ директорлар кеңесінің мүшесі (2003-2004) ;

«Ұлттық инвестициялық қор» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі (2003-2004) ;

«Қазақстан даму банкі» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі (2006);

«Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі (2006-2007);

«ҚР Үкіметі және Ұлттық банкі жанындағы Ұлттық талдау орталығы» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі (2007 жылдан).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Серік Ахметовтың министрлер кабинеті