Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:10, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов . 1963 жылы 13 мамырда Орал облысының Ақжайық ауданындағы Шағатай ауылында туған. Қазақ.

Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1988), құқықтанушы. Заң ғылымдарының кандидаты (1995).

Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Сібір қазақтары облысын басқару және Ресейдің Шығыс саясатындағы оның орны (1822-1868)». 1980 жылдан - Орал облысы Ақжайық ауданы Октябрь орман шаруашылығының жұмысшысы. 1981 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1983 жылдан - Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті, 1988 жылдан - мемлекет пен құқықтың теориясы және тарихы кафедрасының оқытушысы. 1991 жылдан - ҚР ҒА Мемлекет және құқық институтының аспиранты, ғылыми қызметкері. 1996 жылдан - Қазақ мемлекеттік заң университеті мемлекеттік қызмет жене халықаралық құқық факультетінің деканы. 1999 жылдан - «Қазақ мемлекеттік заң академиясы» РКҚК Құқық және мемлекеттік қызмет институтының директоры (Астана). 2001 жылдан - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары. 2006 жылдан - ҚР Әділет министрлігінің дін жөніндегі комитетінің терағасы. 2008 жылдан бері - Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан Халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі.

Хоббиі - спорт (футбол, волейбол).

Үйленген. Жұбайы - Тоғжанова Гүлнар Сапарғалиқызы (1968 жылы туған). Қыздары - Аяжан (1989 жылы туған), Айғаным (1991 жылы туған), Бақыттыгүл (1994 жылы туған), Минура (2008 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}