Елизавета Әлиханқызы Садуақасова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:57, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Ғалым Елизавета Садуақасова (25 сəуір 1903, Омбы қаласы, 23 мамыр1971, Мәскеу) - қазақ кеңес терапевті, медицина ғылымдарының докторы, профессор.

Еңбек жолы

Мәскеу мемлекеттік университетінің медицина факультетін бітірген. Ол 1928-1931 ж. аспирант, КСРО Денсаулық сақтау министрлігінде жоғарғы оқу орындары жөініндегі аға инспектор. Ұлы Отан соғысына қатысты, КСРО Медицина ғылым академиясының Денсаулық сақтау институтының ғылыми хатшысы, 1948-1959 ж. КСРО Денсаулық сақтау министрлігінде медициналық статистика бөлімінің меңгерушісі болды.

Елизавета Садуақасова 1959 жылдан өмірінің ақырғы күндеріне дейін Әлеуметтік гигиена ғылыми-зерттеу статистикалық санитария бөлімін басқарды. Елизавета Садуақасованың 50-ден астам ғылыми еңбегі бар.<ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976ж., 8 том</ref>

Дереккөздер

<references/>