Елеусін Наурызбайұлы Сағындықов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:48, 2017 ж. сәуірдің 7 кезіндегі Kaiyr (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Infobox Biography Сағындықов, Елеусін Наурызбайұлы — Ақтөбе облысы әкімі

1947 жылғы 1 мамырда Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қызыл Ту ауылында туған.

Ақтөбе педагогикалық институтын (1977) математика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша; Батыс Қазақстан ауылшаруашылығы институтын (1990) инженер-механик мамандығы бойынша бітірген.

Экономика ғылымдарының докторы (2001).

80-нен астам ғылыми мақала мен еңбектің, оның ішінде «Адами даму концепциясының негізіндегі аймақтың еңбек әлеуетін стратегиялық жоспарлау» басылымының, «Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын басқару» оқулығының авторы.

1965 жылдан - Ойыл МПТУ-196 дөне шынықтыру пәнінің оқытушысы, Темір индустриялық-педагогикалық техникумының студенті, оқытушысы. 1969 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1971 жылдан - Ақтөбе қаласының КТУ-100 оқытушысы, өндірістік оқыту шебері. 1974 жылдан - Ақтөбе қаласының ҚКТУ-107 директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары. 1977 жылдан - Ақтөбе облыстық кәсіби-техникалық білім беру басқармасы бастығының орынбасары. 1980 жылдан - Ақтөбе облыстық партия комитетінің нұсқаушысы. 1985 жылдан - Ақтөбе облыстық кәсіби-техникалық білім беру басқармасының бастығы. 1988 жылдан - Ақтөбе облыстық партия комитетінің идеология бөлімінің меңгерушісі. 1990 жылдан - Ақтөбе облыстық халыққа білім беру басқармасының бастығы. 1992 жылдан - ҚР білім министрінің орынбасары. 1995 жылдан - Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары. 1996 жылдан - Ақтөбе қаласының әкімі. 2002 жылдан - ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Заң шығару және құқықтық реформа жөніндегі комитеттің мүшесі.

2004 жылдан бері - Ақтөбе облысының әкімі.

Жоғарғы Кеңесінің 13-ші шақырылым депутаттығына кандидат.

Ақтөбе облысы Бокс федерациясының президенті (1985-2005).

«Құрмет» (2001), II дәрежелі «Барыс» ордендерімен, II дәрежелі әулие Сергей Радонежский орденімен; медальдармен, оның ішінде «Ерен еңбегі үшін» (РФ); «КСРО кәсіби техникалық білім беруді дамытуға сіңірген еңбегі үшін», «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының «Ана тілі» құрмет белгілерімен марапатталған. ҚР Құрметті спорт қайраткері. Жыл әкімі (2006, 2009). Қазақстан Құрметті жол салушысы. Бокстан КСРО спорт шебері.

Әскери атағы - запастағы полковник.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Ф.-Д. Рузвельт, Н.Ә. Назарбаев.

Сүйіп оқитын әдебиеті - «Тарихи тақырыптағы әдебиеттер, саяси қайраткерлердің мемуарлары, өткен заманның ұлы адамдарының өмірбаяндары. Абайды қайталап оқығанды жақсы көремін, әл-Фарабидің өңбектерімен жақсы таныспын».

Үйленген. Жұбайы - Құрғұлова Мінаура Әбиқызы. 3 баласы, немерелері бар.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Bio-stub