Екі жұлдыз (төртінші маусым)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:23, 2016 ж. желтоқсанның 25 кезіндегі Arystanbek (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Байқау «Екі жұлдыз» - «Қазақстан» ұлттық телеарнасында көрсетілетін шоу бағдарлама. Жобаның мақсаты алуан түрлі салада белгілі болған тұлғаларға ән айтқызу. Жоба жарыс түрінде жүреді, әр жұптың бір мүшесі кәсіби әнші болуы міндетті еместілігі, жобаның басқа маусымдарға қарағанда ерекшелендіре түседі. Тағы да бір ерекшелігі - "дүлдүлдер додасы" деп аталуында.

Жоба туралы

«Екі жұлдыз» - бұл жұлдыздар жұлдыздарға ән айтуды үйрететін жоба. Жобада 16 жұп, 16 әнші және осы уақытқа дейін сахнада кәсіби түрде ән айтпаған 16 танымал тұлға. Өзіндік ерекшелегімен көрерменді тәнті етіп, көпшіліктің ықыласына бөленген бұл жобаның қатысушылары елімізге кеңінен танымал түрлі саланың өкілдері. Сонымен қатар бұл вокалды жарыс болғандықтан фонограмма қолданылмайды деп хабарланды. Қатысушылар тек жанды дауыспен ән айтуы тиіс. Жоба 2010 жылдың басында басталды, оссы уақытқа дейін жобаның 3 маусымы өтті. 2011 жылдың қыркүйек айының соңында 4 маусым басталды.

«Екі жұлдыз» бұрынғыдан да жарқырай түспек. Отандық өнер жұлдыздарының осынша шоғыры қатысып, вокал мен актерлік қабілетін сынға салатын жоба елімізде бұрын-соңды болған емес. Жұлдызды жұптардың міндеті – тек сахнаға шығып ән айту ғана емес, өзге қарсыластарынан артықтығын көрерменге дәлелдей білу. Ол үшін сайыскерлер әлемдік хиттер мен бәсекелестерінің репертуарларындағы туындыларды орындап, түрлі жанрды еркін меңгере алатынын көрсетеді және алуан түрлі образдарға енеді. Алайда, жоба жұлдыздардың әсем әуендері мен әсерлі қойылымдарын назарға ұсынатын думанды бағдарлама ғана емес, әр саны сайын бір жұппен қош айтысуға тура келетін драма. Өткен маусымдарда қазылар алқасы бір көтерген бағасын өзге жұпқа қоя алмай, қиналатын ереже бұл маусымда жүрмейді және әр жұп бағасын білгенше хабардың соңын күтіп уайымдамайды, өнер көрсеткеннен кейін бірден біледі. Ал жұптарды бағалаудағы көрермен құқығы бұрынғыдай. 50 пайыз дауысқа ие.

«Екі жұлдыз» жобасының тарихында тұңғыш рет жұптар тек кәсіби әншілерден құралады. Бұл продюсерлерге әлемге әйгілі «Жұлдызды жекпе-жек» кинофильміне сәйкес әлқиссалар жасау туралы ой салды. Сондықтан, қазақ көрермендеріне ұсынылатын ең бірінші тосынсый бағдарлама аңдатпасындағы жұлдыздардың бейнелері. Трейлер- аңдатпаларды «Қазақстан» Ұлттық арнасынан және ғаламтордан көруге болады. Түсірілген аңдатпа біраз қатысушылардың есімін елге жария етеді. Олар: Бейбіт Қорған, Айқын Төлепберген, Ақылбек Жеменей, Жанна Орынбасарова, Жеңіс Ысқақова, Айжан Нұрмағамбетова, «Азия» тобының әншісі Ербол Шәріп пен «Алау» дуэті. 4-ші маусымның жүргізушілері: отандық эстрада жұлдызы Нұрлан Абдуллин, белгілі киноактер Нұрлан Әлімжан және тележүргізушілер Майя Веронская мен Таһир Сұлтан.

Жаңа маусым тақырыптарымен де ерекше. «Екі жұлдыз» жобасында тұңғыш рет бір хабар қазақ эстрадасының аңыз әншісіне айналған, ҚР Халық әртісі Роза Рымбаеваның шығармашылығына арналып отыр. Сонымен қатар, күллі әлемді дүркіреткен, кәрі құрлық жастарына арналған «Евровидение» байқауының әндері де «Екі жұлдыз» сахнасында шырқалмақ. Әр думан отандық және шетелдік жұлдыздардың қатысуымен жарқырай түспек.

Бұл маусымда жобаны насихаттап жүрген баспасөз өкілдері де назардан тыс қалмайды. БАҚ – на арнайы орын бөлініп, әр бағдарламаның түсіріліміне қатысуға мүмкіндік алып, дауыс беру нәтижесі мен жұлдызды жобада болып жатқан жаңалықтарді бірінші болып біле алады.

Нағыз дүлдүлдердің додасы «Қазақстан» ұлттық арнасында 24-қыркүйектен бастап, әр сенбі сайын көрсетілетін болады.

Сурет:Ekizhuldyz4-sahna.jpg
"Екі жұлдыз" теле думанының сахнасы

Ережесі

Жұлдызды жұптардың міндеті – тек сахнаға шығып ән айту ғана емес, өзге қарсыластарынан артықтығын көрерменге дәлелдей білу. Ол үшін сайыскерлер әлемдік хиттер мен бәсекелестерінің репертуарларындағы туындыларды орындап, түрлі жанрды еркін меңгере алатынын көрсетеді және алуан түрлі образдарға енеді. Алайда, жоба жұлдыздардың әсем әуендері мен әсерлі қойылымдарын назарға ұсынатын думанды бағдарлама ғана емес, әр саны сайын бір жұппен қош айтысуға тура келетін драма. Ал жұптарды бағалаудағы көрермен құқығы бұрынғыдай 50 пайыз дауысқа ие.

Дауыс беру

  • Жазира және Жанболат - № 1
  • Ақжол Мейірбеков және Бағдат Сәмединова - № 2
  • «А-лау» дуэті (Ақтоты Ажигулова және Лаура Артелбек) - № 3
  • Ринат Малцагов және Динара Қайырова - № 5
  • Дастан Оразбеков және Айқын Төлепберген - № 6
  • Болат Құсайынов және Гауһар Қаспақова - № 8
  • Айжан Нұрмағамбетова және Еркін Мәулен - № 9
  • Жұбаныш Жексенұлы және Жанна Орынбасарова - № 10
  • Бейбіт Қорған және Роза Солдатова - № 11
  • Ордабаевтар отбасы - № 13
  • Ақылбек Жеменей және Тамара Асар - № 14
  • Қайрат Нұртас және Айбөпе Қарашаева - № 16

Дауыс беру үшін 8030 нөміріне смс жолдаңыз! (Смс бағасы - 170 теңге )

Қатысушылары

Бірінші сегіздік

  • Жанболат Ербатыров - Жазира Байырбекова
  • Ақжол Мейірбеков - Бағдат Сәмединова
  • А-ЛАУ дуэті
  • Бақтияр Тайлақбаев - Майра Дәулетбақ
  • Ринат Малцагов - Динара Қайырова
  • Айқын Төлепберген - Дастан Оразбеков
  • Жеңіс Ысқақова - Ербол Шәріп
  • Болат Құсайынов - Гаухар Қаспақова

Екінші сегіздік

  • Айжан Нұрмагамбетова - Еркін Мәулен
  • Бейбіт Қорған - Роза Солдатова
  • Жантемір, Нұргүл Ордабаевтар
  • Қайрат Нұртас - Айбопе Қарашаева
  • Данияр Өтеген - Дария Ақпарова
  • Мұрат Қожа - Индира Расылхан
  • Жұбаныш Жексен - Жанна Орынбасарова
  • Ақылбек Жеменей - Тамара Асар

Жүргізушілер

Фотогалерея

Пікірлер

Үлгі:Екі жұлдыз Пікірлер

Сыртқы сілтемелер


Үлгі:Қазақстан Телерадиокорпорациясы