Екпе шытыр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:19, 2015 ж. қарашаның 6 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

ЕКПЕ ШЫТЫР (Lepіdіum satіvum) – орамжапырақ тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында өсіріледі. Биіктігі 30 – 50 см, сабағы тік, төменгі жапырақтары қауырсын тәрізді, шеті иректелген. Ұсақ, ұзынша шашақ гүлдері ақ, ақшыл күлгін не қызғылт түсті. Жемісі – жұмыртқа тәрізді қанатты бұршаққын. Дәні – ақшыл-қоңыр. Сәуірмамырдан шілдеге дейін гүлдейді. Екпе шытыр – суыққа төзімді, тез толысатын өсімдік. Ылғалды жерде жақсы өседі. Топырақ құнарлығын талғамайды. Тұқымын ерте көктемнен бастап 0,5 – 1 см тереңдікте, жүйек арасын 20 см етіп егеді не шашып тастайды. 1 м2 жүйекке 20 г, ал шашып ексе 30 – 50 г тұқым қажет. 2 – 3 аптадан кейін, өсімдіктің биіктігі 6 – 9 см болғанда жапырақтарын жинайды. 1 га-дан 40 – 50 ц жапырақ жиналады. Ол калий және кальций тұздарына бай, құрамында С витамині, каротин, йод, темір бар. Сабағы мен жапырағы тағамға пайдаланылады.

Дереккөздер

Қазақ энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Екпе шытыр|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}