Екейбай Қашағанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

13:39, 2015 ж. шілденің 2 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Екейбай Қашағанов (27.8. 1920, Қордай ауданы Иірсу ауылы – 10.12.1985, Алматы) – қоғам және мемлекет қайраткері. Алматы педагогика техникумын, Қазақстан КП ОК жанындағы жоғары партия мектебін (1948), КОКП ОК жанындағы жоғары партия мектебін (1958) бітірген. Экономика ғылым кандидаты (1972). 1939 жылы қазан айында әскерге алынып, 2-дүниежүзілік соғысқа қатысады, одан 1946 жылы оралады. 1948 – 55 жылдары Луговой ауданы партия комитетінің бөлім меңгерушісі, 2- және 1-хатшы болып істейді, Жамбыл облысы партия к-тінде бөлім меңгерушісі, хатшы қызметін атқарады, 1962 – 64 жылдары Оңтүстік Қазақстан өлкелік партия комитетінің хатшысы, 1964 – 80 жылдары Семей обкомының 2-хатшысы, облысы атқару комитетінің төрағасы болады. Семейде Абай мен М.Әуезовке, Достоевский мен Ш.Уәлихановқа ескерткіш орнатуға, Абай, Достоевский, М.Әуезов мұражайларын ұйымдастырып, қыстауларын қалпына келтіруге, Семей қаласының ортасында Абай атынд. драмалық театр салдыруға күш-қайратын жұмсаған. Қашағанов Қазақ КСР Мемл. сыйлығының иегері, 3 рет Еңбек Қызыл Ту, Құрмет белгісі, Халықтар Достығы, І-және ІІ-дәрежелі Отан соғысы, 2 рет Қызыл Жұлдыз ордендерімен, 6 рет «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Әр жылдары КСРО ХШЖК-нің бір алтын, үш күміс, 2 қола медалін жеңіп алған. Қордай ауданының Кенен а-дағы орта мектепке Қашағановтың есімі берілген.

Дереккөздер

“Тараз энциклопедиясы”

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Екейбай Қашағанов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}