Еділ Ерғожаұлы Ерғожин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Ғалым Еділ Ерғожаұлы Ерғожин (7 қараша 1941 жылы Талдықорған облысы, Үлгі:Туғанжері, Екпінді) — ғалым, Химия ғылымының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанға еңбегі сіңген ғылым қайраткері. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері. Алматы облысының Құрметті азаматы.

Жалпы мәліметтер

Әкесі - Қаптағаев Ерғожа (1892-1946), кеңшар жұмысшысы болған. Анасы - Қаптағаева Тәтім Жапарқұлқызы (1897-1980), кеңшар жұмысшысы болған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің химия факультетін үздік бітірген (1963), химик.

Ғылыми еңбектері

  • Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Жаңа ионалмастырғыштар мен тотығып-тотықсызданатын полимерлердің синтезі мен түзілу заңдылықтарын зерттеу». Нью-Йорк академиясының академигі (1994). Қазақстандағы ионалмасу химиясы мен мембраналық технологияның негізін қалаушы. Ионалмастырғыштар мен гетерогенді, гомогенді және интерполимерлі мембраналардың синтезін, өтімділігі мен селективтілігін реттеудің жаңа бірегей әдістерін әзірлеп шығарды. Олардың негізінде жаңа электрдиализдік тұщыландырғыш қондырғылар мен концентраторлардың сериялық ендірісін құрып, енгізді. Табиғи және краун-қосылыстарының негізінде селективті сорбенттерді синтездеудің жаңа ғылыми бағытын ашты.
  • 20 іргелі монографияның және 2 оқулықтың («Жоғары өтімділікті иониттер» (1979), «Редоксиониттер» (1983), «Полифункционалды ионалмастырғыштар» (1986), «Ерігіш полиэлектролиттер» (1991), «Краун-қосылыстарының негізіндегі полимерлер» (1994), «Ионалмастырғыш және жартылай өткізгіш мембраналар» (2004), (2010), «Нанотехнология. Экономика. Геосаясат» (2010), «Полиэлектроліттер мен комплексондар» (2010) және т.б.), 200-ден астам авторлық куәліктер мен патенттердің, 1300 астам республикалық және халықаралық мәртебелі баспаларда шыққан ғылыми еңбектердің авторы.
  • 13 химия ғылымдарының докторларын және 87 ғылым кандидатарын дайындады.

Халықаралық ғылыми жетістіктері

Братислава (1968), Будапешт (1969), Лондон (1971), Хельсинки (1972), Прага (1971, 1980, 2004), Баку (1981), Лейпциг (1978, 1985), Ташкент (1978, 2007), Алматы (1987, 1990), Майндағы-Франкфурт (1989), Тбилиси (2003, 2006), Кишинев (2005, 2007), Мәскеу (1965, 1968, 1970, 1975, 1980, 1985, 1990, 2004, 2005, 2007, 2010), Ленинград (Санкт-Петербург ) (1978, 1982, 1984, 1988, 2004, 2007), Томск (2006), Уфа (1970, 1974, 1979, 1983, 1989, 2008), Қазан (2010) қалаларында; Францияда (Париж, 1989, 1991, 1993, Ренн, 1993, Монпелье, 2005, 2008), АҚШ-та (Сан-Диего, 1995, Колледж Стейшн и Туссон, 1997, Вашингтон, 1999), Бельгияда (Брюссель, 2000), Жапонияда (Киото, 2005), ҚХР (Үрумші, 1989, 1993, Пекин, 2005), Швейцарияда (Висп, Базел, 1993), Египетте (Шарм-эль-шейх, 2007), Индонезияда (Сингапур-Бали, 2009), және т.б. елдерде өткен жоғары молекулалық химия мен ион алмасу саласындағы халықаралық симпозиумдарда ғылыми баяндамалар жасаған, химия және химия технологиясы саласындағы бірлескен ғылыми зерттеулер бойынша халықаралық келіссездерге қатысқан.

Жеке қасиеттері

  • Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін біледі. *КОКП мүшесі (1965-1990).
  • Үйленген. Жұбайы - Ерғожина Зеннат Мәмбетқызы, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, «Дәулет» менеджер-экономисттер институтының ректоры. 3 қызы, ұлы мен 10 немересі бар.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Еңбек жолы

  • 1957 жылдан - Талдықорған облысының Талдықорған ауданындағы Абай атындағы кеңшарында шопанның көмекшісі.
  • 1958-1963 жылдары - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің студенті.
  • 1962 жылдан - ҚазКСР ҒА Химия ғылымдары институтының кіші, аға зертханашысы, аспиранты, кіші ғылыми қызметкері, ғылыми қызметкері, ионалмасу шәйірлер зертханасының меңгерушісі.
  • 1980-1988 жылдары - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің жоғарымолекулапық қосылыстар химиясы кафедрасының меңгерушісі, химия факультетінің деканы (1980-1983), бірінші проректоры (1983-1986), ректоры (1986-1988).
  • 1988 жылдан бері - ҚазКСР ҒА Ә.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институтының директоры,
  • 1994-1995 жылдары - ҚР ҰҒА вице-президенті.
  • 1999-2002 жылдары - ҚР ғылым және жоғары білім вице-минисірі. Қайта құрғаннан кейін - ҚР білім және ғылым вице-министірі ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің 11-ші шақырылым депутаты, ғылым және техника жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы (1986-1990);
  • 2009 жылдан «Ә.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты" АҚ президенті.

Жетіктері

Халықаралық тендерді ұтып (1996), Қазақстанның әр аймағында орналасқан континентаралық баллистикалық СС-18 ракеталарының жерасты қондырғыларын талдау жобасы негізінде жерасты суларының және топырақтың химиялық залалдануын бағалау туралы зерттеулерді уақытынан бурын еткізген. Институт АҚШ Қорғаныс министрлігінің Қауіпсіздікті төмендету агенттігінің алғыс грамотасымен және 270 мың тұратын құрылғылары бар химия-экологиялық лабораториямен марапатталған.

Марапаттары

  • 1971 жылы ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталған.
  • 1976 жылы ҚазКСР Алтын Құрмет Кітабына енгізілген.
  • 1980 жылы «Қажырлы еңбегі үшін» медалі;
  • 1982 жылы Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
  • 1984 жылы "Қазақ КСР Еңбек сіңірген ғылым қайраткері" құрметті атағы;
  • 1991 жылы академик С.И. Вавилов атындағы медалі;
  • 1995 жылы VIII Халықаралық ғылым байқауындағы әл-Хорезми Тегеран;
  • 1998 жылы "Астана" медалі;
  • 2000 жылы «Ғылым қайраткері» номинациясындағы "Жыл адамы"
  • 2000 жылы «Ғылым» номинациясындағы «Платина Тарлан» ең жоғары сыйлығының тұңғыш иегері.
  • 2001 жылы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың алғысымен, «Аптын барыс» белгісімен ескерілген.
  • 2002 жылы Өндіріске қолдау көрсету ассоциациясының медалі (Франция;
  • 2002 жылы РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызметкерлер академиясының «Ғылымға және ғылыми серіктестікке сіңірген еңбегі үшін» алтын медалі;
  • 2003 жылы Өндіріске қолдау көрсету ассоциациясының Наполеон медалімен (Франция);
  • 2003 жылы "Парасат" ордені; (ҚР)
  • 2005 жылы «Қазақстан Конституциясына 10 жыл»
  • 2005 жылы «Қазақстан Парламентіне 10 жыл»
  • 2006 жылы академик С.П. Королев атындағы алтын медалі;
  • Ғылым маршалының кұрметті атағын алған.
  • Алматы облысы Ескелді ауданының және Апматы облысының Құрметті азаматты.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}