Егіншілік мәдениеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

11:43, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Егіншілік мәдениеті - Отырар аймағындағы ежелден қалыптасқан егіншілік-шаруа-шылық саласы. Ақышев басқарған археологиялық экспедициялар жүргізген зерттеулер жерді қолдан суару әдісі Сырдарияның жағасында ерте темір дәуірінде-ақ қолданғанын аңғартады. К.Байпақов, В.Грошев сияқты ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, суармалы егіншілік Отырар алқабында ерте кезден-ақ (1—6 ғ-лар) дамыған. Ғалымдардың айтуынша, Отырар қаласына таяу жердегі Арыс өзенінің Сырдарияға құяр түсында егіншіліктің тарихын бейнелейтін су жүйелері бар. Бұлар кейіннен магистральды каналдар жүргізуге негіз болған.

7—9 ғ-ларда қала мәдениетінің өрістеуіне байланысты және Қазақстанның оңтүстігінде қалыптаса бастаған алғашкы феодалдық мемлекеттердің мүддесіне сай, егінді ызаға егу өдісі бірте-бірте тоғандап байлап, керегінде ағызып ала беруге болатын тасқын суды пайдалану өдісіне ауыса бастайды. Арыс өзені тарамдарының негізінде алғашқы магистральды каналдар қазыла бастаған. Мұнын өзі Отырар алқабындағы елдің кәсібінде егіншілік рөлінің артуьша ықпал еткен ( Ежелгі суармалы жер; Ежелгі суару орындары; Екінші реттегі жер суландыру каналы). Бұрынғы кішігірім арықтар бір-бірімен жалғасып, енді су тікелей Арыс ө-нен ұзындығы 30—40 км магистральды каналдар арқылы алынып, оның өң бойына шығырлар орнатылатын болған. Оның өгіз немесе түйе шығыр және су шығыры деген екі түрі болған. Алдыңғы түрі ағысы жай өзендер мен каналдарда, көлдерде пайдаланылған.

Су шығыры тікелей ағын судың өзіне орнатылған. Түйе шығыр диам. 1,5 м келетін жетекші тісті дөңгелектен — үстіңгі тоғыннан, диам. 1 м келетін жетекші тісті дөңгелектен — астыңғы тоғыннан жоне диаметірі 5 м келетін су көтеру немесе су төгу дөңгелектерінен — тоғыннан тұрады. Тоғын жоне астыңғы тоғын ұзындығы 4,5—5 м келетін бөрененің екі басына бекітіліп қойылады. Бұл айналыс қызметін атқарды. Тоғынға кемінде 10—12 шығыр орнатылған. Мұндай шығырлар Балтакөл, Ақтөбе, Шөуілдір ауылдарының территорияларынан, ескі кал тоғындарының жиегі мен канал-арықтардың бойынан табыл¬ған. Олар қазір Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің қорында сақгаулы. Қазіргі Шәуілдір ауылының оңтүстік-шығыс жағындағы ұзындығы 40 км, сек. 5—V су жіберетін Темірарық осы кезенде қазылса керек. Қазақ хандығының қалыптасу тарихында аса маңызды рөл атқарған Отырардағы суландыру жүйелері 18 ғ-дың басында жойьша бастаған. мұның себебі, біріншіден, Жоңғар шапқыншылығы мен Орта Азия билеп-төстеушілерінің Сыр бойы үшін толастамаған шабуылдарының зардабы, екіншіден, өзара феодаддық қырғи-кабақ соғыс өсері. Сайып келгенде, Отырар алқабындағы Егіншілік мәдениеті көнеден келе жатқан Саңғыл-арық, Темірарық, т.б. магистральды каналдарға негізделген. Мұндагы қала мәдениеті дала өркениетімен ұштасқан.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы.

«Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Егіншілік мәдениеті|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}