Евгений Алексеевич Титаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:30, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Тұлға

Евгений Алексеевич Титаев (1957), жазушы.

Ақын, журналист, ертегіші Евгений Алексеевич Титаев 1957 жылы 29 желтоқсанда Семей қаласында дүниеге келді. Орта мектепті бітірген соң медициналық училищеге оқуға түсті. Онда ол тау туризмімен айналысты, көркем үйірмелерге қатысты. Тұңғыш өлеңдері газет бетіне дәл осы кезеңде жариялана бастады. Медучилищеде оқып жүргенде Н.Чернова жетекшілік ететін «Иртышские огоньки» әдеби бірлестігіне қатысты. Е. Титаевтің өлеңдері, повестері мен ертегілері газет, журналдарда жиі жарияланатын. Оның "Доктор Стук" (Алматы, 1982), "Иртышанка" (ұжымдық жинағы, Алматы), "Горизонт" (Алма-Ата, 1986) өлең жинақтары бірінен кейін бірі жарыққа шықты.

Шығармашылық жолын ақындықпен бастаған Евгений Титаев шағын әңгімелер де жаза бастайды. Сонан кейін өзіне балалар әдебиетінің есігін ашады. Сонымен, 1986 жылы «Жалын» баспасынан "Сказки моего города" деп аталатын кітабы шықты, оған алты шағын әңгіме-ертегілері енді. "Дорога чародеев" повесть-ертегісі 1995 жылы республикалық «Простор» журналында жарияланды.

Е.Титаев – көпжанрлы автор. Оны әңгіме, өлең жазумен қатар драматургия да қызықтырады. Достоевский атындағы Семей театрында оның «Ветерок, давай дружить!» (1998) пьеса-ертегісінің қойылымы болды.Ақын семейлік сазгерлер Г.Ахунжанов, В.Коротков, О.Жанияровпен бірге бірқатар әндер шығарды.

Дереккөздер

<references/>

1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА