Дөңгелек қалың

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:29, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

ДӨҢГЕЛЕК ҚАЛЫҢ - ертеде қазақ ортасында қыз үшін төленетін қалыңмалдың түрі, кедей адамдар арасында берілетін қалыңмалдың ең төменгі мөлшері. М.Красовскийдің айтуы бойынша, қалыңмалдың ең аз мөлшері 7 жылқы болған. Қазақтардың қалыңмал ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ көлемін Қ.Қостанаев пен Н.Гродеков төмендегідей үш категорияға бөлді: ауқаттылар, орташалар және кедей- лер беретін қалыңмал. Кедейлер түрмысында қалыңмал Д. қ. деп аталып, 7-ден 9 бае малды құрады, кейде ке¬дей отбасында екі жақтың келісімі бойынша, бір-біріне сый-кәде бермей-ақ екі жасты қосқан. Кейбір жағдайда жылқы мен түйе орнына қой берілген. 1 бас жылқы не-месе 1 бас түйе 6-8 қойға тең болған. Бай қазақтардың қалыңмалы 47 басты қүрады. Орта түрмысты адамның қалыңмал көлемі 27-ден 37 мал басына дейін барды (қ. Байтал). Ертеректе ең кең таралған коп мөлшері И.И. Ибрагимов жазуы бойынша, ақсүйектер арасында 57, байлар арасында 37, орташалар арасында 27, кедейлер арасында 17 бас малды қүраған (200 жылқы немесе 1000 қой) (толығырақ қ. Қалыңмал). Л.Ф. Баллюзектің пікірінше, Д. қ. - бар-жоғы 10 бас малы гана бар ең кедейлердің арасындағы мөлшер. Ол бүл көрсетілген қалыңмал түріне келесідей мысал келтірді: 100-ден 150 аралығындағы ірі қара малдың саны ең жоғары топты қүрады, оны ірі байлар берген. 75-100 мал басын қүрайтын қалыңмалды дәулеттілер төледі. Орта¬шалар баламалы цалыңга 20-40 мал басын атаган. Ең ке¬дейлер Д. қ.-ға 7-ден 9 бас ірі қара мал берді. Уақыт өткен сайын, ягни эрбір ұрпақ ауысқан сайын қалыңмалдың бастапқы күрамы мен түрі үнемі өзгеріске үшырап от¬ырды. Д. қ.-да царамал, басжацсы, сүтацы, тоймал, ілу сияқты калыңдықтың қүны деп есептелетін кәде-сыйлар қарастырылмаған десе де болады.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дөңгелек қалың|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}