Дөңгелектеу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:22, 2014 ж. сәуірдің 18 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Дөңгелектеу - нақты оң санды белгілі бір дәлдікпен оның жуық мәнімен немесе басқа бір нақты оң санмен ауыстыру. Дөңгелектеудің екі түрі бар: кемімен дөңгелектеу, мұнда дөңгелектенетін санның оң жағындағы белгілі бір разрядтан кейінгі барлық цифрлары түгелімен алынып тасталады; артығымен дөңгелектеу, мұнда сақталатын разрядтың соңғы цифры 1-ге өсіріледі де, ал қалған цифрлары алынып тасталады. Сандарды дөңгелектеудің төмендегі ережесі қолданылады: егер санды дөңгелектегенде алынып тасталатын цифрлардың біріншісі <math>~0, 1, 2, 3, 4</math> цифрларының бірі болса, онда сақталатын ақырғы цифр өзгермейді, ал егер алынып тасталатын цифрлардың біріншісі <math>~5, 6, 7, 8, 9</math> цифрларының бірі болса, онда сақталатын ақырғы цифрға 1 қосылады. Мысалы, <math>~20,35</math> санын ондық разрядқа дейінгі дәлдікпен дөңгелектесек 20 болады. Ал 29,65 санын сондай дәлдікпен (ондық разрядқа дейінгі) дөңгелектесек 30 болады.

Артығымен дөңгелектеу

Қалдырылатын соңғы цифрға бір (1) қосылады; бұл мынадай үш түрлі жағдайда болады:

  1. егер алмастырылатын цифрдың алғашқысы <math>~5</math>-тен артық <math>~6, 7, 8, 9</math> цифрларына тең болса, мысалы, <math>~13971 \approx 1400</math>;
  2. егер алмастырылатын алғашқы цифры болмаса, мысалы, <math>~13571 \approx 1400</math>;
  3. егер алмастырылатын алғашқы цифр <math>~5</math>-ке тең болса, одан соң нөл цифрлары болса, бұған қосымша алмастырылатын цифрдың алдында тақ цифр тұрса, мысалы, <math>~135 00 \approx 14000</math>.<ref>"Математикалық ойашар", "Қазақ энциклопедиясы" Алматы, 2009 ISBN 9965-893-25-X</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дөңгелектеу|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} Үлгі:Math-stub