Дәуіт ұста

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:29, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Мағына

ДӘУІТ ҰСТА / ДӘУІТ ПАЙҒАМБАР - дәстүрлі орта түсінігі бойынша үста, зергерлердің дем берушісі, темір үстасының пірі, жебеуші рух-ие. Бүл үгым қазақ қана емес түркі тілдес өзге де халықтардың, әсіресе Орта Азия халықтарының наным-сенімінде берік орныққан. Байыргы қазақ ортасында металл өңдеу, оның ішінде алтын күміс өндірудің негізі, сондай-ак тері өңдеу, агаш үқсату сияқты т.б. түрлерінің дамуы Д. ү. кезінен бастау алады деп са- налады. Ислам мифологиясында Д. ү. - темір өңдеуді, қару-жарақ жасауды игерген алғашқы адам, сондыктан да мұсылман халықтарында темір үсталығының шығу тегі Д. ұ.-мен байланыстырылады. Арабтарда кіреуке сауытты Дауыттың сауыты деп атаған. Бізге жеткен аңыз бойынша, Д. ү. жас кезінде сақпанмен Джалут (Голиаф) алыпты өлтіріп, ерлік көрсеткен, соған байланысты қазақтар оны Ер Дәуіт деп те атайды. Бағзыда әрбір кәсіптің киелі пірі болады деген пайым- мен, эр істі бастауда сол пірге сиыну дәстүрі болды. Ислам дінін қабылдаумен бірге қазақ ұсталарьт Д. ұ.-ды өздерінің пірі санай бастады. Қазақ үсталары бір істі бастағанда «менің цолым емес, Ер Дәуіттіц қолы» сыйынып, қару- жарақ жасарда арнайы дұға оқып, колдау сүраған. Дэстүрлі ортада «үсталардың жасаган қару-жарацтарында Дәуіт балгасының ізі болады, оны Дәуіт согады» деген түсінік болған. Қазактың байырғы жырларында кездесетін: ...Атам киген ақ сауыт Беркітіп соққан ЕрДәуіт... - деген жолдар осының айғағы. Сонымен бірге ертедегі қазақ қауымы Д. ү. соққан қарудан зүлым күштер аулақ жүреді деген сеніммен, ауырған адамды дауалау кезінде қару пайдаланып, қара ниетті ауру иелерін қуып емдеген. Кейін келе жауынгерлік қарулар мен қорғаныс жарақтарының пірі саналған Д. ү.-ға қазақ батырлары да сыйынып, айқас алдында одан медет тілеп, қолдау күткен. Д. ү. күніне 90 әскерге қару-жарақ, сауыт соққан деген аңыз бар. Мифтік әңгіменің бірінде Д. ү. жанын алғалы келген Алдашыны (мифтік жаналғыш) өзі істеген әдемі сандыққа қызықтырып, алдап соның ішіне салып бекітіп, суға ағызып жіберген делінеді (толығырақ қ. Алдашы). Алдашы үш жүз жыл суға ағып, содан Дэуіт үш жүз жасапты дейді. Тағы бірінде Д. ү.-ның кереметі ба- яндалады. Багзы дәуірде үсталыц ңүрал-сайман болмаган екен. Алайда Д. п.-дың цолы отца күймейтіндіктен мүның қажеті де шамалы болыпты. Ол цызыл қолымен отты көсіп, іиоц үстап, қызып нарттай боп қызарган темірді жалаңаш алацанымен үстап ие берген деседі. Бірақ сол кереметі баласына дарымапты. Себебі, бала үсталыцтың сертін бүзып, елдің ыдыс-аягын жамаганда, устемеақы алган деседі. Содан кие атып, оган әке өнері тольщ қонбай, қолы отца күйетін пенде болып цалса керек. Мүны байцаган әкесі «мен олген соң, менен үцпаган өнерді ит- тен үгарсың» деп өсиет қалдырады. Д. п. қайтыс болган соң баласының цолы күйіп, іс сога алмай, елдің мүцтажы бітпей, әбіржи бастайды. Әбден қиналган үл әке өсиетін еске алып, ойлана царап отырып, иттің алдыңгы екі аягымен сүйекті қысып алып мүжігенін байқайды. Содан үлгі алган ол иттің сирагына үқсатып, цызган темірді оттан цысып алатын ең алгаиіцы қышцашты сощан екен. Сол кезден бастап үстаның қышқаш сайманы пайда болды дейді қазақ аңызында. Дәстүрлі ортада Д. ү. үсталықтың пірі ғана емес, бақсылықтың да жебеушісі болып саналады. Себебі, ежелгі түсінік бойынша, үста мсн бақсы синкретіі іуліалар, олар-тэңірі мен қауымды жалғастырушы донекерніілер. Бағзыда қазақтар үста мен бақсыны кауымиам окпіау жерлеген. Сондықтан да бақсы сарынында lip Дауіі иң есімі жиі үшырасады. Әуеден көмір түсірген, От жацпай темір пісірген! Қау көрігі бақылдап, Балга төсі шаңылдап, ЕрДәуіт пірім, сен цолда! Сен қолдасаң, мен мүнда — деп, бақсылар оны nip ретінде көмекке шақырған. Қазақтың бақсы-балгерлері Дэуіт науқастанған адамдм әртүрлі қара күштерден қорғайды деп сенген.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дәуіт ұста|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}