Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Дәуір айналдыру"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

(Кіріспе бөлімін өңдеді)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:29, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі нұсқасы

Дәуір айналдыру / Дәуір жүргізу - ертеде қайтыс болған адамның жаназасы кезінде өлген адамның күнәсін жеңілдету немесе күнәсінен арылту үшін жасалатын діни рәсім.


Ел арасында бұл ғұрыпты:

  • дәуір жүргізу (мал-мүлік атау арқылы күнәсін екінші адамға аудару)
  • дәуір көтеру (марқұмды күнәсінен арылту үшін Құран оқу немесе Құран көтеру)
  • дәуір ұстау (барлық күнәні молданың өз мойнына алуы)
  • дәуір шақырту (күнәдан арылту үшін Құран оқыту)
  • дәуіріне салу (марқұмның киімін таратуды, яғни ақыретіне салу) дейді.

Ысқат, әдеттік ғұрып бойынша, дәуір немесе підия деп аталады. Ы.Алтынсариннің айтуынша, Үлгі:Дәйексөз.

Ысқат беруге марқұмның артында қалған адамдардың мал-мүлкі жетпейтін болса да молдалар діни талапқа сай «ысқат алуды» орындаған. Бірақ шариғат бойынша, «Өлген адамның күнәсін көтеру», яғни өлік басында - «көтердің бе?» - «көтердім» деп уәде беру міндеті молдаларға жүктелмеген: мұндай сөздерді молдаларға қазақтардың өздері айтқызады. Ы.Алтынсариннің баяндауынша, ысқат алудың келесі жолы былай орындалған: «өліктің бір жағында, басына таман, оның баласы немесе туысқаны отырады, ал екінші жағында, қолына Құран алып, молда отырады. Сонан, өлген адам, балиғатқа жеткеннен бері (күйлі адамның балаларын 13 жастан, кедейлердің балаларын 15 жастан бастап есептегенде) неше жас жасаған болса, өлген адамның туысқаны молдаға Құранды өлік үстінен сонша рет беріп: «Әкемнің, ағамның, не сондай бір туысқанымның күнәсін қабыл етесің бе?» деп сұрақ қойып отырады. Молда Құранды ала беріп: «қабыл еттім» деп жауап қайырып отырады.

И.Ибрагимов дәуір айналдыруды былай деп сипаттады: Үлгі:Дәйексөз

Ы.Алтынсарин мен И.Ибрагимовтың жазбаларын салыстыра сараласақ, оңтүстік пен батыс қазақтары арасында дәуір айналдыру немесе дәуір жүргізудің аймақтық ерекшелігі болғанын байқауға болады. Төңкеріске дейінгі ғылыми әдебиеттерді негізге алатын болсақ, дәуір айналдыру ислам дініне дейін пайда болған. Кейінгі кезеңде марқұмның күнәсін өтеу «шариғатқа жатпайды» деп ресми діни қауым тарапынан біраз қысымшылық жасалып отыр. Дәуір айналдыру қалалық елді мекендерде тиісті жағдайдың жоқтығынан атқарылмағанымен, ауылдық жерлерде өзінің дәстүрлі қалпын әлі де сақтап отыр деп айтуға болады.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дәуір айналдыру|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}