Дәрігер Хаус

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:42, 2016 ж. тамыздың 16 кезіндегі Мұхамеджан Амангелді (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Телесериал «Дәрігер Хаус» (Үлгі:Lang-en) — Грегори Хаус (Үлгі:Lang-en) есімді танымал дәрігер-диагност және оның дәрігерлерден құралған тобы жайлы америкалық телесериал. Сериалдың негізгі жанры – медициналық драма, алайда сюжетте детектив элементтері қолданылған. Сериал әлемде аса танымалдылыққа ие<ref>«Дәрігер Хаус» — әлемдегі ең танымал сериал // KP.RU</ref><ref>«Дәрігер Хаус» 2008 жылдың ең танымал сериалына айналды | Мәдениет және шоу-бизнес | «РИА Новости» жаңалықтар топтамасы</ref>, сондай-ақ «Пибоди» және «Эмми» сынды марапаттардың лауреаты.

Сериалдың сынамалы сериясы 2004 жылдың 16 қарашасында Fox телеарнасында эфирге шығарылды. Сегізінші маусымның премьерасы дәл осы телеарнада, 2011 жылдың 3 қазанында жарық көрді. Сериал әлемнің көптеген елдерінде, тіпті кейбір ТМД елдерінің бірнеше телеарналарында таратылды. Мәселен Қазақстанда 2009 жылдың 2 ақпанынан бастап КТК телеарнасынан сериалдың алғашқы 3 маусымы көрсетілді.

2012 жылдың 8 ақпанында Fox телеарнасы сериалдың сегізінші маусымы соңғы болатындығын жариялады<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Сол жылдың 21 мамырында «Дәрігер Хаус» телесериалының соңғы 177-сериясы жарық көрді<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

2013 жылдың мәліметтеріне сәйкес сериалды 80 млн көрермен тамашалаған, сондықтан сериал «Гиннесс рекордтар кітабына» енгізілген.<ref name=Yudina>Үлгі:МақалаҮлгі:Ref-ru</ref>.

Жалпы суреттемесі

Сурет:House-pic.jpg
Телесериал логотипі

Дәрегір Хаус — бүйрек аурулары (нефрология) және жұқпалы ауруларды емдеу мамандықтары бойынша маманданған әлемге танымал, жарқын диагност, алайда өзінің тұйықтық, тік мінезділік, арсыздық және бүлікшілік сияқты мінез ерекшіліктері – оған науқастары мен әріптестерінің сүйіктісі болуына жол бермейді. Ол сыпайылық ережелерін сақтамайды, сондай-ақ сақтауға жа тырыспайды, тіпті кейде оның бойынан аяушылық қасиетінің жоқ екендігін байқап қалатын кездер де бар. Хаустың өмірлік ұстанымын Форманның «Ол ережелерді бұзбайды, тек қана елемейді» және өзінің «Барлығы жалған сөйлейді» деген сөздері ғана толық сипаттай алады. Осы бір ұстанымдар күрделі медициналық жағдайлардың шешімін табуда Хаусқа көмектесетін бірден-бір нәрсе.

Хаус он жақ санының төртбасты бұлшықетінің инфарктісін алып, ота нәтижесінде оның төртбасты бұлшықетінің ауқымды бөлігі алынып тасталғандықтан аяғы әрдайым ауырады, сондықтан ол ауырсынуды басатын викодинді қолдануға және әрдайым таяққа таянып жүруге мәжбүр. Ол викодинді өте көп мөлшерде қабылдайды, тіпті науқастың алдында да қабылдай бертіні де бар, себебі Хаус викодинсіз жұмыс істеуге, тіпті өмір сүруге жарамсыз болып қалады. Шындығын айтқанда Хаус өзінің тәуелділігін білетін, алайда одан айырылуды көздемейтін нашақор. Кемтарлық пен нашақорлық Хаустың мінезіне кері әсерін тигізеді және көп жағдайда өзінің қыршаңқылығы мен жөнсіз қылықтарын ауырсынудың салдары деп ақталады.

Сурет:LaurieJacobsShore.jpg
Хью Лори, сериал продюсері Кэти Якобс және Дэвид Шор

Хаустың көмекшілері — иммунолог Эллисон Кэмерон (Дженнифер Моррисон), невролог Эрик Форман (Омар Эппс), сондай-ақ хирург және реаниматолог Роберт Чейз (Джесси Спенсер). Төртінші маусымда жаңа көмекшілер пайда болады: дәрігер Реми Хадли (Оливия Уайлд), оны «Он үш» деген лақап атымен атайды, жас дәрігер Лоренс Катнер (Кэл Пенн) және пластикалық оташы Крис Тауб (Питер Джейкобсон). Бесінші маусымда белгісіз себептермен Лоренс Катнер өзіне қол жұмсайды (Кэл Пеннге Барак Обаманың президенттік әкімшілігінде жұмысқа ұсынылып, ол рөлін тастауды ұйғарады<ref>Үлгі:Cite webҮлгі:Ref-en</ref><ref>Үлгі:Cite webҮлгі:Ref-en</ref>). Бесінші маусымның соңында викодинді өте көп мөлшерде қабылдағандықтан Хауста жүйелік галлюцинациялар пайда болып, психиатриялық емханаға жатуға мәжбүр болады. Сондықтан Эрик Форман диагностика бөлімінің уақытша басшысы болып тағайындалады. Крис Тауб пен Он үш жұмыстан кетіп, Роберт Чейз пен бірнеше уақытқа Эллисон Кэмерон жұмысқа қайта оралады. Тәуелділіктен айыққан Хаус қайтып келіп, Крис Тауб пен Он үшті қайта жұмысқа алады, алайда жетінші маусымда Он үш қайтадан жұмыстан шығып кеткендіктен, оның орнына дарынды үшінші курс студенті Марта Мастерс (Эмбер Тэмблин) келеді. Мастерс жетінші маусымның 12 сериясында практика сағаты аяқталғандықтан және Хаустың басқруында интернатура өтуді қаламағандықтан жұмыстан шығып кетеді, оның орнына қайтадан Он үш қайтып келеді.

Хаустың тағы әріптестері — оның ең жақын досы, дәрігер онколог Джеймс Уилсон (Роберт Шон Леонард) және Принстон-Плейнсборо (Үлгі:Lang-en) ауруханасының бас дәрігері Лиза Кадди (Лиза Эдельштейн). Лиза Эдельштейн келісімшартты 8 маусымға дейін ұзартуға келіспегендіктен, аурухана бас дәрігерінің орнын Форман алады.

Мазмұны

Сериалдың барлық дерлік бөлімі бір-бірімен ұқсас. Эпизодтардың көбісі Нью-Джерсидегі Принстон қаласында орналасқан, Хаустың жұмыс орны – Принстон-Плейнсборо ауруханасынан (Үлгі:Lang-en) тыс жерде орын алған оқиғадан басталады. Эпизодтың бастапқы бөлігінде науқастың симптомдарының пайда болуына алып келген жағдайлар сипатталады. Ал негізгі бөлімде дәрігерлер осы симтомдарды тудыратын ауруды анықтаумен айналысады. Диагноз қоюда топ дифференциалдық диагностика әдісін пайдаланады.

Әдеттегідей толық бір эпизод бойы, аурудың даму қарқынына байланысты науқасқа бірнеше диагноз қойылуы мүмкін, осыдан кейін дәрігерлер науқасты емдеуге көшеді, алайда соңында бұл емдеу не ешбір нәтиже бермейді, не науқастың жағдайы нашарлауы мүмкін. Бұл жағдайдан кейін науқаста, оның туыстары мен жақындарында Хаусқа деген сенімсіздік пайда болады. Сондықтан қорытынды диагноз қойылып, дəрігерлер емдеуге кірісерде науқас кезекті қате диагноз деп ойлап, емделуден бас тартып, қарсылық көрсетуі мүмкін.

Көбінесе науқас немесе оның жақындары симптомдар жайлы, ауруды тудырған жеке жағдайлар жайлы (мәселен, науқастың басқа адаммен қатынаста болуы, жыныс қатынасынан жұғатын аурулардың болуы, ішімдікке тəуелділік немесе нашақорлық) құнды ақпараттарды қасақана болса да, білместен құпия сақтап қалуының салдарынан нақты диагнозды қоюда қиындықтар тууы мүмкін. Сондықтан Хаус диагнозды талқылау барысында «Барлығы жалған сөйлейді» (Үлгі:Lang-en) немесе «науқас өтірік айтады» деген сөздерді жиі қолданады. Сондай-ақ науқас өзін-өзі емдеуге талпынуын Хаус «науқас — есуас» деп түсіндіреді. Барлық бөлімде дерлік Хаустың тобынан екі адам (бірнеше бөлімде Хаустың өзі де) қосымша ақпараттарды табу мақсатында науқастың үйінде заңсыз тінту жүргізеді.

Сериалдағы медицина

Сериалдың техникалық кеңесшісі – «The New York Times» газетіне медициналық тақырыптарда мақала жазатын дәрігер Лиза Сандерс. Лиза Сандерстің газеттегі мақалалары сериалдың атқарушы продюсері Пол Аттаназионың осы сериалдың жарыққа шығуына себепші болды<ref>The Metaphorical Medicine of House // Blogcritics. 6 қаңтар 2008.</ref>.

Сериалдың негізгі тақырыбы медицина болғанымен, оқиғалар детективтік сипатқа ие. Мысалы ретінде дәрігер Хаустың диагноз қоюда көмегі тиюі мүмкін айғақтарды табу мақсатында науқас үйінде тінту жүргізуін келтіруге болады.

Басты рөлдер

Есімі Рөлді сомдаған Мамандығы Маусымдар
1 2 3 4 5 6 7 8
Д-р Грегори Хаус Хью Лори Жұқпалы аурулар маманы, нефролог, Диагностика бөлімінің басшысы Басты рөлде
Д-р Лиза Кадди Лиза Эдельштейн Эндокринолог, Аурухана бас дәрігері Басты рөлде Үлгі:N/a
Д-р Джейм Уилсон Роберт Шон Леонард Онкология бөлімінің басшысы Басты рөлде
Д-р Эрик Форман Омар Эппс Невролог, диагностика бөлімінің басшысы, дәрігер-диагност, аурухана бас дәрігері Басты рөлде
Д-р Роберт Чейз Джесси Спенсер Хирург, реаниматолог, кардиолог, Диагностика бөлімінің басшысы Басты рөлде
Д-р Эллисон Кэмерон Дженнифер Моррисон Иммунолог, дәрігер-диагност Басты рөлде Үлгі:N/a Қонақ
Д-р Крис Тауб Питер Джейкобсон Пластикалық оташы<ref>Үлгі:Cite web</ref>, дәрігер-диагност colspan="3" Үлгі:N/a Қайталанатын рөл Басты рөлде
Д-р Лоренс Катнер Кэл Пенн Спорттық медицина маманы<ref name="imdb">Үлгі:Cite web</ref> дәрігер-диагност colspan="3" Үлгі:N/a Қайталанатын рөл colspan="2" Үлгі:N/a Қонақ
Д-р Реми «Үн үш» Хадли Оливия Уайлд Терапевт,<ref name="imdb" /> дәрігер-диагност colspan="3" Үлгі:N/a Қайталанатын рөл Басты рөлде Қайталанатын рөл
Д-р Марта Мастерс Эмбер Тэмблин Қолданбалы математика және Өнер тарихы бойынша екі мәрте Ph.D докторы,<ref>Үлгі:Cite web</ref> Медицина студенті colspan="6" Үлгі:N/a Басты рөлде Қонақ
Д-р Джессика Адамс Одетт Эннэйбл Түрмелік емхана дәрігері,<ref>Үлгі:Cite web</ref> дәрігер-диагност colspan="7" Үлгі:N/a Басты рөлде
Д-р Чи Пак Шарлин И Невролог, дәрігер-диагност colspan="7" Үлгі:N/a Басты рөлде

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер