Дәндәку

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дәндәку - дәстүрлі кісе белдіктің (белбеуінің) құрамдас бөлігі, от тұтатуға арналған заттар сақталатын шағын қалта түрі. Дәндәку туралы этнографиялық мәліметтер тым мардымсыз, тек тілдік деректерде ғана сақталған. Тілдік зертеулерде дәндәку кісе белдіктің айшықты безендірілген түрінің жергілікті атауы делініп жүр. Келесі бір деректерде дәндәку ертеректе жауынгерлік пен аңшылықта ерекше мәні болған кісе белдіктің құрамындағы оқшантайдың (әлбетте екі дана болады) түрленіп өзгерген түрі деп айтылады.

Ұлы Абайдың өлеңінде:

Шақпағым, дәндәкуім жарқ-жұрқ етіп, 
Жарғақ жастық бастырған жезді пыстан... 

- деген жолдардан дәндәкудің от шығаратын шақпақпен қатар ілінетін кісе белдікке тағылатын элементтің бірі екендігі байқалады. Яғни былғарыдан ашық қалта түрінде жасалып, күміспен әшекейленген кісе белдіктің бір элементі дәндәку «қу» деп аталатын тамызық шырпы, білте тәрізді тұтатқыш заттар салынған кісе қалта болуы да ықтнмал. Әзірге дәндәку не екендігін дөп басып айту мүмкін емес.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дәндәку|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}