Дәмету

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:29, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

ДӘМЕТУ - ас-тағам ға, дәмге қатысты жоралғы. Дәстүрлі ортада, әдетте қонаққа тартылған сый табақтан не үлкен адамдар алдынан қайтқан табақтан кейінгі жастарға «сыбаға» қалдырылады. Оны астан кейін қалыптасқан үрдіс бойынша жігіттерге асатады және дастарқан жасаған келіндерге ризашылықтың белгісі ретінде атап береді. Ақ сақалдар қолынан ет асау жас жігіт үшін мәртебе саналады. Кәделі жіліктен келіндер дәметеді. Мұны тағамның осы мүшесіне құмарлық деп ұғыуы керек. Біріншіден, үлкен адамның қолынан келіннің кәделі жілікті алуы үлкен мәртебе, екіншіден, дәметкен кәдеден құр қалған келіннің кеудесі ісіп кетеді-мыс. Осы тектес дәм, тағам ұсынудың қарым-қатынастарды айғақтайтын, реттейтін қызметтері көптеп саналады (толығырақ қ. Асату; Ет асату). Қазақы ортада ауыл арасындағы әр түрлі той-томалаққа байланысты барыс-келіс кезінде дәм ала жүру, дәм сый- лау үрдістері «дәмнен үлкен нәрсе жоқ» деген қағидаға негізделген. Әдетте бала-шағаға, келін-кепшікке деп түйіниіек ала жүретін дәстүр казақы ортадағы әлеуметтік қатынасты нығайтудың тағы бір символикалық тетігі іспеттес. Осыған орай дәстүрлі ортада жас босанған келінге арнап, «емшегі ісіп, ауруга дұшар болмасын» деген ниетпен дайындалған дәмнен салып беріп жіберген. Егер келін жазатайым сырқаттанып калса, дэм-түз әкелген енесі немесе абысындары әкелген тағамын түйіншекке эдейілеп түйіп, «үрсып-жекіп» келіннің алдына «лақтырудың» иша- расын жасайды. Бүл - келіннің бойындағы ауруды қуудың ғүрыптықәрекеті. Сондай-ақдэметкен келіншекті аурудан айықтыру үшін бір түйіншекке қи-тезек салып, келесі түйіншекке дэм-түз салып әкеліп, алдымен тезек түйген түйіншекті береді. Оны ашып әрі-сәрі күйге түсіп қалған келіншекке енді дэм салынған түйіншекті беріп ашқызып риза етуге тырысады. Сойтіп, келіннің әрі-сәрі күйге түсуі ауруды алжастырады-мыс. Сондай-ақ, дэстүрлі ортада қатар босанған әйелдер бір-бірімен «көтендестіру» жора- сын атқарғаннан кейін ғана үшырасып бет көріссе, екеуі де дэметпейді, эрі нәрестелеріне шілдеқотыр шықпайды деген үғым қалыптасқан.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дәмету|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}