Дінәш Нұрмұхамедов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

21:01, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Дінәш Нұрмұхамедов (1948-2006) - 21 наурызда Торғай облысының (қазіргі Қостанай облысы) Аманкелді ауданына қарасты Қаралық ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолы

Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін 1972 жылы бітірген. 3-курста оқып жүргенде, Қазақ радиосына қызметке орналасады. Содан редактор, аға редактор, бөлім меңгерушісі, Бас редактордың орынбасары, Қазақ теледидарында Бас редактор қызметтерін атқарды. «Азат» газетінде тілші болып қызмет істеген.

Еңбектері

Алғашқы әңгімелері мен повестер жинағы 1982 жылы «Ең бақытты күн» деген атпен жарық көрді. Одан соң «Жаңа жылға қараған түн», «Өмір», «Он бес пен он алтының арасында», «Таңертеңнен кешке дейін», «Жарық күн» повестер жинағы оқырмандар қолына тиді. «Алтын арна», «Әкеден қалған аманат», «Саусақтан төгілген сәуле» атты деректі хикаялар жинақтары бар. Кабардин жазушысы Ә. Кешоковтың «Сынған таға» эпопеясының алғашқы кітабын, поляк, украин және басқа халықтар қаламгерлерінің әңгімелерін қазақшаға аударды. А. Байтұрсынұлы өмірінен «Сен ертең атыласың!» атты пьеса жазды. «Мейлі, өзендер шулай берсін», «Соңғы аялдама», «Деректірдің шопыры», «Адамның кейбір кездері», т.б. драмалық шығармалардың авторы. Сондай-ақ «Сәукеле киген сайқал», «Сандық» хикаяттары республикалық әдеби журналдарда жариялайды, жекелеген әңгімелері өзбек, қарақалпақ, орыс тілдеріне аударылды. Радиожурналист ретінде жүздеген хабарлары Қазақ радиосының «Алтын қорында» сақтаулы.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}