Дінмұхаммед Қанатұлы Құдайбергенов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

11:17, 2017 ж. сәуірдің 17 кезіндегі Kasymov (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Музыкант Димаш Құдайберген (Дінмұхаммед Қанатұлы Құдайберген24 мамыр 1994 жыл, Ақтөбе) — қазақстандық әнші. Витебск қаласында өткен XXIV Халықаралық эстрадалық ән орындаушылар «Славян базары-2015» байқауында Гран-при жеңіп алған, «Халық сүйіктісі» Ұлттық сыйлығының лауреаты,<ref>Үлгі:Cite news</ref>, «Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға лайықты үлес қосқаны үшін» Қазақстан Республикасының Президенті Құрмет грамотасымен марапатталған, «ABU TV song» халықаралық фестивалінің қатысушысы <ref name="ABU">Үлгі:Cite news</ref>

Отбасы

Димаштың ата-анасы танымал әншілер Қанат Айтбаев және Светлана Айтбаева. Димаштың әкесі Қанат Айтбаев - облыстық филармонияның басшысы, анасы Светлана Айтбаева – облыстық маслихат депутаты. Димаштың ата-әжелері де музыка адамдары. Бірі домбырада ойнаса, екіншісінің ән айтуға бейімі мол. Димаштың Раушан атты қарындасы, Мансұр атты інісі бар.

Димаш Құдайберген 24 мамыр 1994 жылы Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткерлері Қанат Құдайбергенұлы мен Светлана Айтбаева отбасында дүниеге келген. Ең алғаш рет спектакльде ойнауымен таныла бастады. Бес жасында музыкалық колледж сахнасында алғаш әнші ретінде ән салған. Алты жасында “Айналайын” Республикалық байқауының “Фортепиано” номинациясында жеңімпаз атанған. 2010 жылы "Байқонырдың Әсем дауыстары" Халықаралық фестивалінің І жүлде лауреаты атанды. 2012 жылы “Жас қанат” Республикалық жас ән орындаушылар байқауының Гран-при жүлдесіне ие болды. 2012 жылы “Восточный базар” Халықаралық байқауында І жүлде лауреаты атағына ие болды. Бір жылдан соң, “Мейкин Азия” І Халықаралық фестивалінің жеңімпазы болып атанды. 2014 жылы Ақтөбе қаласында А.Жұбанов атындағы Музыкалық колледжінде “академиялық ән орындау” факультетін бітіріп, Қазақ Ұлттық өнер университетінің “эстрада өнері” факультетіне түсті.

Нағыз танымалдық Витебск қаласында XXIV Халықаралық эстрадалық ән орындаушылар «Славян базары-2015» байқауында Гран-при жеңіп алған соң келген. Екі күн ішінде, жас әнші 175 ұпай жинаған. Бірінші күні ол Константин Меладзе композиторінің «Опять метель» әнін, ал екінші күні Француз әншісі Грегори Лемаршаль репертуарынан алынған «Sos dun terien un detresse» әнін орындады. 2015 жылы 28 қазан күні Стамбулда Димаш Құдайбергенов “Abu TV” Халықаралық Азия-Тынық мұхит фестивалінде Қазақстан Республикасының атынан алғаш рет қатысты.

27 наурызда 2017 Қазақстанның сүйікті әншісі Димаш Құдайбергенов "Top Chinese Music Awards" номинацияның жеңімпазы атанды. Әншінің PR-директоры Алпамыс Шаримовтың айтуы бойынша, біздің әнші "Азиядағы ең атақты әнші" номинациясын жеңіп алды. Марапаттау церемониясы кезінде Димаш SOS d'un terrien en détresse әнін орындады.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

15 сәуір 2017 Димаш Құдайбергенов Қытайдағы "I am a Singer" жобасында екінші орын алды. Димаш өзінің ақтық сынағында Қытайдың әншісі Шан Венжемен дуэт құрып ән айтады. Ақтық сынақта ол Майкл Джексонның: Dangerous, Billie Jean, The Way You Make Me Feel және Earth song атты әндерін айтып шығады. Ал бірінші орынды болса Қытай қызы Sandy Lam жеңіп алады.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Білімі

5 жасынан бастап фортепианода ойнауды үйренеді. Балалар хорында ән айтқан. 2014 жылы Димаш Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық колледжде академиялық ән орындау сыныбын тәмамдады. Қазір Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық Өнер университетінің 2 курс студенті. Димаш серб, итальян, француз, ағылшын, орыс т.б тілдерде ән орындайды.

Телешоу

  • «7 ән» («Хабар») — қатысушы<ref>Үлгі:Cite web</ref>
  • Орталык хабар («Хабар», 15.05.2015) — гость вместе с родителями
  • Таңшолпан («Қазақстан» РТРК) — қонақ<ref>Үлгі:Cite web</ref>
  • Орталық хабар («Хабар») — қонақ<ref>Үлгі:Cite web</ref>
  • «Тунги студияда Нурлан Коянбаевпен» (РТРК «Казахстан») — гость<ref>Үлгі:Cite web</ref>
  • «ҚызықTimes» («Хабар») — қонақ, Әдемі атты әншімен бірге<ref>Үлгі:Cite web</ref>
  • «Бенефис шоу» Майра Мұхаммедқызы («Хабар») — қонақ<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Марапаттары

  • 2014 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» Мемлекеттік Жастар сыйлығының лауреаты;
  • «Жыл таңдауы Халықтың сүйіктісі» Ұлттық сыйлығының лауреаты;
  • 2017 жылы Қазақстан Республикасының мәдениет пен өнер саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері;
  • 2017 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – елбасы қоры сыйлығының иегері.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер