Дыр бул щыл

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:43, 2015 ж. ақпанның 19 кезіндегі Kaiyr (Талқылауы) істеген түзету

Дыр бул щыл (Үлгі:Lang-ru) — орыстың ақыны Алексей Елисеевич Кручёныхтың «заумь» тілін қолданып жазған өлеңі. Шығарма авторының айтуынша, бұл өлеңде Пушкиннің бүкіл поэзиясымен салыстырғанда «орыстығы» көбірек екен<ref>Үлгі:Кітап</ref>.

Өлең 1912 жылдың желтоқсан айында жазылған. Бұл күнді автор артынан «онымен шығарманың тек кей бөліктері емес (өлеңнің қайырмасы, дыбыстық әшекейлеу және т. б.), бүтін әрі дербес туындылар жазылатын заумь тілінің (яғни, қосалқы мағынасы жоқ тіл) құбылыс ретінде пайда болу уақыты» деп атаған<ref>Үлгі:Кітап</ref>. «Белгісіз сөздерден» тұратын туындыны жазудың бастамашысы Давид Бурлюк еді<ref>Үлгі:Кітап</ref>. Ең алғаш рет «Дыр бул щыл» өлеңі Крученыхтың «Помада» кітабындағы «3 өлең» топтамасында жарық көрген<ref>Үлгі:Кітап</ref>. Крученыхтың пікірінше, уақыт өте бұл өлең өз авторынан да танымал болып кеткен екен<ref>Үлгі:Кітап</ref>.

Крученых пен Велимир Хлебниковтың бірлескен «Слово как таковое» декларациясында «Дыр бул щыл» өлеңі «өзгеше дыбыс пен сөз тіркесінің» бірінші үлгісі ретінде жарияланды. Сол декларацияда «Дыр бул щыл» өлеңі «рухани диссонанстың» кесірінен пайда болған «құлаққа жағымсыз» шешілмеген диссонанстың үлгісі ретінде келтірілген<ref>Үлгі:Кітап</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер