Дучжы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:50, 2014 ж. сәуірдің 18 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

ДучжыБатыс Түрік қағанатының қағаны (671 — 679). Дучжы билік еткен тұста Он оқ тайпалары арасында саяси бытыраңқылық етек алды. Қытай деректеріне қарағанда, Дучжы 671 жылы Фуяньда (Эбинор бассейні аймағы) әскери қолбасшы және билеуші болып тағайындалды. 676 — 678 жылдары Дучжы өзін Он оқ тайпаларының қағанымын деп жариялады. Дучжы Таң патшалығыТаң патшалығының Қашқариядағы үстемдігін әлсірету мақсатында Тибетпен әскери одақ құрды. 677 жылы тибет және түркі әскерлері бірігіп, Куча князьдігіне шабуыл жасады. Қытай жылнамаларында бұл әскери жорықты бастаушы түркі әскерлері деп көрсетіледі. Бұдан соң Таң үкіметі түрік қағанына қарсы айла-шарғылар ұйымдастырады. Дучжы қытай ақсүйегі Хин-Гяньнің шақыруымен Таң сарайында аманатта болған парсы шаҝын шығарып салуға барған сапарында қамауға алынады. Осы кезден бастап Батыс Түрік қағанаты саяси жағынан едәуір әлсірей бастады.

Дереккөздер

Қазақ энцклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дучжы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}