Друцэ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:41, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Друцэ Ион Пантелеевич (13.9.1928 жылы туған, Молдова, Дондюшан ауданы Хородиште село) — молдова жазушысы. Мәскеудегі Жоғары әдебиет курсын бітірген (1956). “Цзранул Советин” газетінде, “Фекся Молдавет” журналында әдеби қызметкер болып қызмет істеген. Алғашқы “Біздің селода” атты жинағы 1953 жылы жарық көрді. Шығармада молдова халқының салт-дәстүрі, ауыл өмірі бейнеленген. Друцэнің шығармаларында Ұлы Отан соғысы әкелген зардаптар, Отан үшін күрескен молдова халқының рухы, халықтың арман-тілегі, ғасырлар тезінен өтіп, сақталған ұлттық дәстүрі шынайы суреттеледі. Оның “Махаббат туралы хикая” (1954), “Адамдарды сағыну” (1959), “Бетпе-бет” (1964), “Мұңды жапырақтар” (1965) атты әңгімелер жинақтары, “Касе маре” (1960), “Дойна” (1971), “Жастық шағымыздың құстары” (1972), “Қасиетті дүние” (1976) романдары жарық көрген. Друцэнің “Ақ көңілміз, жүк ауыр” романы (1977), “Албырап піскен алхоры” (1981) жинағы қазақ тіліне аударылған. Молдова Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1967).

Дереккөздер

Қазақ энцклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Друцэ|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}