Досқан Қалиұлы Жолжақсынов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:05, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Кинематограф Досқан Қалиұлы Жолжақсынов (1951 жылы 7 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Балықшы ауылында туған) — кино және театр актері, кинорежиссер.

Қазақстанның халық әртісі (1995), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының екі мәрте иегері (1996,2016). Қырғыз Республикасының Еңбек сіңірген артисі (1996).

Толығырақ

  • 1973 жылы Алматы мемлекеттік өнер институтын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген.
  • 1971 жылдан Қазақ жастар мен балалар театрының актері.
  • 1995 – 2001 жылдары осы театрдың директоры әрі көркемдік жетекшісі болды.

Шығырмашылығы

Жолжақсынов театр мен кинода 200-ден астам бейнелерді сомдады. театрда ойнаған алғашқы рөлі – Х.Вахитовтың “Алтын көрсе періште жолдан таяды” спектакліндегі Қылышбек (1972). Бұдан кейін орындаған рөлдері қатарында Сыматбек (Ж.Тәшенов пен И.М. Саввиннің “Қаладан келген қылжақбасында”), Сырым (Р.Сейсенбаев пен Е.Обаевтың “Өзімді іздеп жүрмінінде”), Қазақбай (Ә.Тарази мен Қ.Ысқақовтың “Апа, апатайында”), Сәмет, Ақан (Ғ.Мүсіреповтің “Қазақ солдаты” мен “Ақан сері – Ақтоқтысында”), Глумов (А.Н. Островскийдің “Адам аласы ішіндесінде”), Әзберген (Ә.Таразидің “Қндетінде”, Қазақстанның Мемлекет сыйлығын, 1996; Түркі тілдес халықтар театрлары байқауының бас жүлдесі, Қазан, 1998), т.б. бар. Жолжақсыновтың актерлік өнеріне сезім тереңдігі, сахналық әрекет шынайылығы тән. Актер халық әндері мен қазіргі композиторлар әндерін шебер орындаушы ретінде де танымал. Жолжақсынов – ұлттық кино өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан актерлердің бірі. Әскербек (“Гаһартаста”, 1976), Хамит (“Даладағы қуғында”, 1979), Мұрат (“Алтын күзде”, 1979), Мұндызбай (“Ақ барыстың ұрпағында”, 1984, соңғы екеуі “Қырғызфильмде”), Дәуір (“Омпада”, 1997), т.б. рөлдері арқылы Жолжақсынов дарынды киноактер ретінде кеңінен танымал болды. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегері (1982).

Мемлекеттік марапаттары

  • 1982 жылы Қазақстан Ленин комсамолы сыйлығының лауреаты
  • 1987 жылы Қазақ КСР Еңбек сіңірген әртісі
  • 1995 жылы Қазақстанның халық әртісі
  • 1996 жылы Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі
  • 1996 жылы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
  • 2001 жылы Құрмет орденімен марапатталған.
  • 2016 жылы елбасының қолынан Қазақстанның мемлекеттік сыйлығын алды.


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Досқан Қалиұлы Жолжақсынов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}