Достар телехикаясы
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Шыққан жылы: 2013
Жанр: Сериал, Комедия
Суреттеме: «Достар» телехикаясы еліміздің беделді, алдыңғы қатарлы оқу ордасының студенттерінің күнделікті өмірі, болашаққа жасаған жоспары мен қарапайым ғана адами қарым-қатынасы туралы болмақ. Еліміздің таңдаулы оқу орнына түсіп, Елорданың жас тұрғыны атанған студенттердің арман-қиялы әр түрлі. Мектеп қабырғасындағы таным-түсінік пен өмірдің өзінен алынған сабақ, сезім мен бақталастық, адалдық пен астамдық, ауылдан келген ұяңдық пен қаланың тәкаппарлығы туралы қарама-қайшылыққа толы телехикая көрерменді бей-жай қалдырмасы анық. Алуан түрлі көзқараспен келген адамдардың тағдыры бір алаңда тоғысады. Өмірдің ең қызықты шағы – студенттік өмірдің қызығы мен шыжығын бірге көрген жастардың қарапайым ғана өмірін баяндайтын телехикая идеологиялық принциптер мен құндылықтарды насихаттауға бағытталады.
Дереккөздер
<references/>