Достан Тәңірбергенұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:59, 2014 ж. сәуірдің 18 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Достан Тәңірбергенұлы (шамамен 1757, Ақтөбе облысы Шалқар ауданында — 19 ғасырдың 30-жылдары) — би. Кіші жүз құрамындағы әлім тайпасының шекті руынан шыққан. Достан дәулетті, бай адам болған. И.Ф. Бларамбергтің 1852 жылы Санкт-Петербургте шыққан “Кіші жүз қырғыздарының жері” деген еңбегінде: “Қырғыз-қайсақтардың байлығының ең басты бұлағы мал шаруашылығында ...Шектінің Тілеуінен шыққан Достан биде 7000 жылқы, 2500 түйе, 4000 сиыр, 40 000 қой бар. Достан қырғыз-қайсақ даласындағы ең бай адам әрі мырза. Оның әулеті сол байлығы арқылы ерекше орынға ие болған. Достанның 32 ұлы, 11 әйелі бар. Әр әйелі бір-бір ауыл. Әр ауылда 20 — 25 шаңырақ бар. Олар 1000 — 1100 жанды топтастырады. Достанның көзінің тірісінде оның ауылдары, балалары мен шөберелерінен тұратын сақадай сай қаруланған 100 атты жасақ шығаратын болған. Олардың бәрі дәулетті...” деп жазған. Халық оны “отыз ұлды Достан” деп атаған. Достан Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа қатысқан. Ол 1786 жылы Сырым батыр шекті еліне келгенде көтерілісшілердің қажетіне 400 сәйгүлік берген. 1787 жылы старшиналыққа ұсынылады. Сол жылдың қарашасында Орынбор генерал-губернаторы О.А. Игельстром Екатерина ІІ-ге жазған хатында: “Кіші жүздегі үш Орданың әрбірінен бір-бір аса беделді қырғыз-қайсақтарды старшиналыққа ұсынамын. Атап айтқанда, Әлімұлы ордасынан 3 аға старшина: төртқарадан — Қаракөбек би, шөмекейден — Сарымалай би, шектіден Достан би...” деп көрсетілген. 1797 жылы Достан, Көтібар бастаған шекті руының 100 адамы Ресейдің отарлық саясатын жүргізуші Есімді өлтіріп, ордасын талқандаған. Достан — Арынғазы сұлтанды қолдап, оны айдаудан босату туралы және Кіші жүз ханы ретінде мойындау жөнінде Ресей патшасы Александр І-ге жолдаған хатқа 389 ел азаматтарының қатарында қол қойғандардың бірі.

Дереккөздер

Қазақ энцклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Достан Тәңірбергенұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}