Достай Жақыпбай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Достай Жақыпбай (17 сәуір 1951 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Теректі ауылы) – география ғылымдарының докторы (1999).

ҚазМУ-ды (1979, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 2003 жылдан ҚазҰУ-да кафедра меңгерушісі. Ол жоғары оқу орындарының гидрометеорология және су шаруашылығы студенттеріне арналған қазақ және орыс тілдерінде «Гидроэкология: табиғат суларын сарқылудан және ластанудан қорғау» атты оқу құралын шығарды (1993). Тұңғыш рет университет студенттері үшін қазақ тілінде «Жалпы гидрология» оқулығын (1996) жазды. Ол «Геология, география және геодезия», «Су шаруашылығы» (2000) қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздіктерінің авторы және жетекшісі. Достай гидрология, гидроэкология және Қазақстанның табиғи ресурстарын қорғау салалары бойынша 70-тен аса еңбек жариялады. 2003 ж. жарық көрген 10–11 сыныптарға арналған «Жалпы география» оқулығының авторы.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том</ref>

Дереккөздер

<references/>