Досжан хазірет мешіті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:18, 2017 ж. наурыздың 5 кезіндегі Kasymbot (Талқылауы) істеген түзету

Қазіргі Шұбарқұдық маңындағы мешітті ол Бірман ұстаға салдырған. Мешіт ішінде жүз адам еркін тұрып намаз оқи алатын болған. Жалпы, мешіттің жобасы Қазандағы Юнусов мешітіне қарап жасалған деген пікір де бар. Біреулер алты күмбезді, ал кейбіреулер тоғыз күмбезді болған деген болжам айтады. «Алты күмбезді» деген пікір шындыққа жанасымды деп білеміз. Байқап қарасақ, екі түсті кірпіш пайдаланылған. Құрылыстың негізгі жұмысына халық көмектеседі. Мешіт іші ою-өрнекпен әшекейленіп, сырттан түскен жарық барлық нақыштарын нұрландырып тұрған. Аят, хадистер қызыл бояумен бояп жазылған. Бүгінге дейін жеткен деректерге қарағанда, мешіт жанында 150 орындық балаларға білім беретін медресесі, қонақ сыйлайтын орны да болған. Күмбездері Кеңес тұсында құлатылған. Әбубәкір Кердері Шоқанұлынің жырларында Досжан ишанның мешітінде мыңдаған шәкірт білім алды деп көрсетеді. Ақынның «Қазағым» жинағында: «Мешітті таңғажайып салды оңдап, Ұстаны Бірман атты алды таңдап, Ойы мен зейіні артық шеберлерді, Қасына жүз шамалы қосты жалдап. Бір жылда салып болды керегесін, Қондырып кісі бойы терезесін. Төбесі бөлме – бөлме іші бұрау, Бағана асты – үстіне жоқты тіреу. Қиық жоқ, белдігі жоқ үстін басқан, Төбесін күмбез қылып бұрып қосқан. Ғажайып нақыштары әрбір түрмен, Жазулы аят, хадис қызыл сырмен. Көргенде сүйек еріп, тәнің балқып, Толғандай мұсылманның көңілі нұрмен» — деп суреттелген. Кеңес үкіметі кезінде мешіт алғашқыда дүкен, кейін ат қора ретінде пайдаланылған. 1980-жылдары мешіттің күмбезі жартылай сақталып тұрған деседі. Бүгінде төбесі құлаған. 1990-жылдары Шұбарқұдықта тұратын ұрпақтары мен ағайын-туыстары бірігіп, мешіттің қасынан тілеухана салдырған. Хазіретті құрмет тұтып, басына садақа беретіндер үзілмейді екен.

Досжан хазіреттің мөрі

Досжан хазіреттің қолданған мүлкінен қазірде сақталып қалғаны — мөрі. Мөр қазір Шұбарқұдықта, жеке қолда. Мөрдің бетінде арабша: «Аллаға құлшылық етуші молла Досмухаммад ибн Қашақ 1248» (хижра жыл санауы бойынша) деп жазылған. Мөр түсті металдан ойылып жасалған, әдемі тұтқасы да бар.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер