Домбыра тарту

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:29, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Домбыра тарту - орындалатын әуеннің өзіндік ерекшеліктеріне қарай Домбыра тарту қағыстарының да өзіндік тәсілдері болады. Жоғары-төмен қарай қағып тартуды<ref>Домбыра. 1908. ҚР МОМ қорынан (НПФ 5289/19 а)</ref> «қара шертіс» десе, ішекті іліп тартуды «ілме» немесе «теріс қағыс» деп атайды.

Домбыра тартудың көптеген түр өзгешеліктері туралы Т.Әсемқүлов өз зерттеуінде былай дейді: «Тебеген қағыс» - ішектің үстінен қағып ойнау тәсілі... «Жапта цымта» цагысы - саусацпен цаццаннан кейін ішекті алацанмен жабу тәсілі, домбыраның быдыңдаган еліктеу дыбысын шыгару үшін қолданылады. «Түйдек қағыс» деп сілтеп қағу, айқай-үйқыш, тәсілге бай, жылдам қағысты атайды».

Домбыра тарту әнді сүйемелдейтін саз аспабы ғана емес, кәсіби музыкалык күрделі шығармалар тудыруға негіз болатын ішекті аспап. Домбыра тартуда кәсіби жоғары деңгейге жеткен күйшілер Домбыра тартуды кемелдендіріп, жоғарыда атап айтқандай, қосымша дыбыс беретін пернелерді енгізген, домбыра қүрылысын күрделендіріп дамытқан. Осыған сай Домбыра тартуда орындалатын шығармалардың тереңдігі мен иірімдерін арттыра түсетін Домбыра тарту тәсілдерін де дамытқан<ref>Домбыраны солақай тарту. XXг. бірінші жартысы. ҚР МОМ қорынан (НКП 400)</ref>.

Халық арасында кең тараған Домбыра тартудың үш түрі жайында Т.Әсемқүлов былай дейді: «Домбыраны алғаш үйренушілер тартатын «дірдек тартыс» болса, шеберлікке жеткен кездегі тартыс «қигаш көбе» немесе «кесе тербеу». Кәсібін деңгейге жеткен кездегі «тайганақ көбе» немесе «сауып тарту». Сонымен қатар, автор күй тарту өнеріндегі қағыстың «түре тартыс, сүре тартыспен қатар «қүлақ шығарып тартысу» мен «есер тартыс» деген түрлерін атап өтеді. Домбыра тарту кезіндегі сол қолдың қимыл әрекеттеріне карай перне басудың: қазтабан, бөрітабан, байтақ, қарғыту, аттау, жаба тастау деген, ал Домбыра шертудің сермеп шерту, іліп қагу, шертіп ойнау, төгіп қагу, шегіп қағу, дірдек, тайғанақ көбе, сауып тарту, қиғаш көбе, кесе тербеу, төпеп қагу, теріс қағыс, тебеген қагыс (тепкілей қагыс), түйдек қағыс, таза қара шертіс, таза ілме, жап та қымта, бүлкілдетіп қагу, сүққылдатып қагу, шарықтатып қағу деген түрлері бар.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Домбыра тарту|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}