Докторлық диссертация

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Докторлық диссертация (лат. dіssertatіo – талдау, зерттеу) – ғылыми дәреже алу үшін көпшілік алдында қорғауға даярланған ғылыми еңбек; ғылыми дәреже алу үшін міндетті әдеби және ғылыми тақырыптарға жазылған шығарманы көпшілік алдында қорғау жүйесі.


Неміс тілінде сөйлесетін ортағасырлық елдердің университеттерінде пайда болып қалыптасқан. XVI–XVII ғасырларда бұл жүйе басқа елдерге де тарады. Ресейде машинкаға басылған диссертацияны қорғау ісі 1755 ж. Мәскеу университеті құрылғаннан кейін ұйымдастырылған. Ғылыми дәреже алудың 1819 жылғы Ресейлік ережесі бойынша ауызша және жазбаша емтихан кезінде магистр және доктор атағын алу үшін көпшілік алдында диссертация қорғалуы бекітілген. Магистрлік диссертация латын және орыс немесе басқа да тілдерде, ал докторлық диссертация латын тілінде қорғалып, міндетті түрде автореферат талап етілген. КСРО-да ғылыми кандидат және ғылыми доктор ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғау тәртібі 1932 ж. енгізілді. Қазақстан Республикасында ғылыми дәреже мен ғылыми атақ алу үшін диссертация қорғау тәртібі арнаулы ережемен бекітілген.

Абай шығармалары туралы диссертация

Абай мұрасын жариялау, тану, бағалау мерзімді баспасөз беттерінде 19 ғасырдың аяқ кезінен (1899) көріне бастады. Ал арнайы кандидаттық, докторлық диссертациялар 40 жылдардың 2-жартысынан бастап қорғалды. Ақын мұраларының теориялық мәселелерін терең де жан-жақты ғылыми зерттеу үздіксіз жүргізіліп келеді. Абай мұрасын зерттеуге байланысты (1946-1992):

  • Қ. Жұмалиев «Абайға дейінгі қазақ поэзиясының тілі жəне Абай поэзияның тілі» (докторлық, 1946)
  • Ә.Жиреншин «Абай және оның орыс достары» (кандидаттық, 1946)
  • Қ. Мұқаметханов «Абайдың әдеби мектебі» (кандидаттық, 1951)
  • Н. А. Полибина «Абай және Лермонтов» (кандидаттық, 1951)
  • X. Сүйіншәлиев «Абай Құнанбаевтың қара сөздері» (кандидаттық, 1952)
  • 3.Ахметов «Абай және Лермонтов» (кандидаттық, 1954)
  • Ә. Н. Тәукелев «Қазақ ағартушысы Абай Құнанбаевтың қоғамдық-саяси көзқарастары» (кандидаттық, 1954)
  • М. Тілеужанов «20-ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі (1905-1917) Абайдың сатиралық дәстүрі» (кандидаттық, 1956)
  • Қ. Бейсенбиев «Қазақ халқының Россияға қосылғаннан кейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси, философиялық ойларының дамуы» (докторлық, 1957)
  • М. С. Сильченко «Абайдың творчестволық өмірбаяны» (докторлық, 1957)
  • Ғ. Әбетов «Абайдың саяси сатираларындағы идеялық-көркемдік ерекшеліктер» (кандидаттық, 1958)
  • Б. А. Ғабдуллин «Абай Құнанбаевтың этикалық танымдары» (кандидаттық, 1959)
  • М. Бөжеев «Абай Құнанбаев творчествосындағы идеялық-көркемдік ерекшеліктер жайыңда» (кандидаттық, 1960)
  • М. Мырзахметов «Абай Құнанбаевтың әдеби мұраларын зерттеу жайыңда» (кандидаттық, 1965)
  • Ғ. Бисенова «Абай Құнанбаевтың ән творчествосы» (кандидаттық, 1966)
  • С. Құспанов «Абай аудармалары» (кандидаттық, 1966)
  • Р. Сыздықова «Абай тіліндегі негізгі морфологиялық ерекшеліктер» (кандидаттық, 1971) және «Абай шығармаларының тілі» (докторлық, 1974)
  • М. Сұлтанбеков «Абай поэмалары» (кандидаттық, 1973)
  • Г. М. Қамбарбаева «Абай лирикасы» (кандидаттық, 1974)
  • К. А. Тәңкібаева «Абай реализмі» (кандидаттық, 1983)
  • К. Шәймерденова «Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастары» (кандидаттық, 1987) деген тақырыптарда диссертациялар қорғалды.

<ref name=source1>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том</ref> <ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Докторлық диссертация|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

fi:Tieteellisten yliopistotutkintojen opinnäytetyöt#Väitöskirja