Дмитрий Федорович Снегин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

15:34, 2017 ж. наурыздың 10 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету

Дмитрий Федорович Снегин (шын аты-жөні - Поцелуев) (7 қараша 1912, Алматы30 наурыз 2001, Алматы) — жазушы, кинодраматург, ҚР-ның халық жазушысы (1984).

Өмірбаяны

Шығармашылығы

  • “Шығыстан соққан жел” атты алғашқы өлеңдер жинағы 1934 ж. жарық көрді.
  • “Жетісу” (1936)
  • “Менің қалам” (1939) атты поэзиялық кітаптары ауыл еңбеккерлерінің өміріне арналды.

Соғыс жылдарында жазылған

  • “Жылдар” (1944)
  • “Адалдық” (1946) жыр жинақтары
  • “Никита Огнивцев” поэмаларында жауынгерлер ерлігі суреттелді. Туындыларының бас кейіпкерлері барлаушылар, зеңбірекшілер, майдандық дәрігерлер болды.
  • “Адамдық жайлы толғаныс” атты шағын поэмасы 2 мәрте Кеңес Одағының Батыры ұшқыш С.Луганский жайында.
  • Алғашқы эпик. туындысы “Шалғайдағы кіре берісте” (1948) Мәскеу түбіндегі шайқас суреттелген, деректі повесть саналатын шығармада тарихи тұлғалар өмірі бейнеленген. Мұнда генерал И.В. Панфилов, полк. Бауыржан Момышұлы, ақын, романтик Абдолла, дивизия командирі Береговой, т.б. жауынгерлер ерлігін көрсетті.
  • “Шабуылға шыққанда” (1953) шығармасы да Панфилов дивизиясының ерлігін сипаттайды.
  • Қазақ халқына деген сүйіспеншілік, ыстық ықылас “Көгілдір ендік” жинағында (1946) көрініс тапқан.
  • Еңбек адамдары жайында “Ерліктің тууы” (1956) очерктер жинағы
  • тың игерушілер жайлы “Күзгі күн мен түннің теңелуі” (1961)
  • Кеңес Одағының Батыры алматылық И.Я. Свягин туралы “Рейхстагтан шыққан елші” (1962) повестері жарияланды.

50-жылдардан кейін С. шығарм-нда тарихи тақырып басты орын алды.

  • “Верный қаласында” атты роман-трилогиясында (1-кіт., 1956; 2-кіт., 1959; 3-кіт., 1970) Алматыда Кеңес өкіметінің орнауы, П.Виноградов, Е.Асылбеков, Т.Бокин, Р.Маречек, т.б. өмір жолдары бейнеленген.
  • “Күту” (“Ожидание”) шығармасы капитан Михаил Лысенконың батальоны туралы, мұнда жауынгерлік борыш, махаббат мәселесіне баса назар аударылған.
  • “Сол күндері және әрқашан” (“В те дни и всегда”) повесінде (1970) Брест бекінісін қорғаушылардың ерлігі көрсетілген. Шығарманың бас кейіпкері В.И. Фурсов тұтқынға түсіп, кейін концлагерьден Алматыға қайтып оралады.
  • “Таңертең және түске дейін екі адым” романында (1976) Ораз Жандосовтың өмірі мен қызметі, орыс, қазақ халықтарының достығы суреттелген.
  • Бауыржан Момышұлы туралы
    • “Открытый всем”
    • “Арысым еді-ау Бауыржан” (2002) атты шығармасы жарық көрді.
  • Избр. тр., 1 — 2 т., А., 1964
  • Бұрынғы Алматыда, 1 — 3-кіт., А., 1974
  • Собр. соч. в 5-ти томах, А., 1981 — 83
  • Малик Габдуллин, А., 1986.

Сценарийлері

Оның сценарийлері бойынша

  • “Біз Жетісуданбыз” көркем фильмі түсірілген.

Аудармалары

Оның аудармасы бойынша

  • “Ұйғыр поэзиясы” (1934)
  • І.Жансүгіровтің “Кеңес” (1935)
  • Н.Баймұратовтың “Ер Төлеген” (1945)
  • Қ.Аманжоловтың “Найзағай” (1946)
  • С.Мәуленовтың “Туған жер” (1949) өлеңдер жинағы орыс тілінде басылып шықты.
  • М.Д. Симашконың “В городе Верном” романын қазақ тіліне аударған.

Марапаттары

  • 1-дәрежелі Отан соғысы ордені
  • Қызыл Ту (1957) ордені
  • Қызыл жұлдыз ордені
  • “Құрмет белгісі” ордені
  • “Октябрь революциясы” (1971) ордені
  • “Халықтар достығы” (1982) ордені
  • “Парасат” (1995) ордені
  • медальдармен марапатталған.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref><ref>Қазақ Энциклопедиясы, 7 том</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Қазақ әдебиеті