Дмитрий Валентинович Сушков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:46, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Сушков Дмитрий Валентинович (9.7.1975 жылы туған, Қарағанды облысы Балқаш қаласы) – балет артисі, ҚР-інің еңбек сіңірген қайраткері (2001). Алматы хореографиялық училищесін (1993; Ұ.Мирсеидовтың сыныбы бойынша) және қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясының хореография факультетін (2001; І.Андосовтың жетекшілігімен) бітірген. Шығармашылық өнер жолын 1992 жылы Қазақтың мемлекеттік академия опера және балет театры құрамында бишіліктен бастаған Сушков осы театр сахнасында қойылған П.И. Чайковскийдің “Шаттауық” балетіне қатысып, алғаш рет жеке Ханзада партиясын орындады. Оның билеген басты балеттік партиялары: граф Рязанов (А.Л. Рыбников, “Юнона мен Авось”), Спартак, Красс (А.И. Хачатурян, “Спартак”), Вацлав, Гирей (Б.В. Асафьев, “Бақшасарай фонтаны”), Ханзада (П.И. Чайковский, “Аққу көлі”), Джеймс (С.Левенсхольд, “Сильфида”), Базиль, Эспада (Л.Ф. Минкус, “Дон Кихот”), Альберт, Ганс; Конрад, Ахмет, Әли (Ш.Адан, “Жизель”; “Теңіз қарақшысы”), т.б. Сушковтың бишілік өнері жоғары кәсіби, пластик. сұлу да мазмұнды әрі терең ойлы орындаушылық шеберлігімен ерекшеленеді. Варна (1992, 1998, Болгария), Пермь (1992), Санкт-Петербург (1998, 3-халықар. Майя байқауы,Ресей) және Париж (1998, 8-халықаралық классика би байқауы, Франция) қалаларында өткен халықаралық балет артистерінің байқауларына қатысқан. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дмитрий Валентинович Сушков|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}