Диэлектрлік каротаж

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Диэлектрлік каротаж - зондысының көмегімен қоздырылатын жоғарыжиілі электрмагниттік өріс сипаттарын өлшеуге негізделген электрлік каротаж әдістерінің бірі. Диэлектрлік каротаж зондысы өріс қоздыратын генератор катушкасынан және екі өлшеу катушкасынан тұрады. Диэлектрлік каротаж диаграммалары қиманы қабат-қабаттарға жіктеуге, орташа және жоғары кедергілі қойнауқаттардың сұйықтармен және газдармен қанығу сипатын анықтауға, таза жинауыштардағы мүнаймен және газбен қанығу коэффицитентін бағалауға мүмкіндік береді. Диэлектрлік каротаж әдісімен құрғақ ұңғымаларды және өткізбейтін ерітінділермен тоғытылған ұңғымаларды зерттеуге болады.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}