Диуана

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:29, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

ДИУАНА / ДУАНА - пэни дүниеден баз кешкен, Қүдайға қүлшылық жасап, ел кезіп, ешқандай дүние- мүлік иеленбей өмір сүруге бекінген тақуа адам. Парсы тілінен енген сөз (диуанә - ақылсыз, есалаң). Шамандықтың, сопылықтың негізгі қагидаттарын қатар үстанатын Д.-лар ел кезіп өмірін өткізеді.

Дуана (XVIII-XIXгг.). Cypemiui П.М. Кошаров. ҚР MOMқорынап

Д.-лық дәстүрлі бақсылықты үстанушылардың азай- ып, исламның дендеп еніп, байырғы ортаның оныц шарт- тарына мойынсына бастағанынан кейін пайда болган. О.Әлжанов: «Бақсылардың цылган кәсібін дуаналар да цылады. Бүлар мүсылмандъщтың жөнін айтып жүруші еді. Қаріп-цасір, жетімдерге ацылды сөздер айтып нәм өзге жәрдемшілік цылар еді. Дуаналық әуелі Шайқы- Бүрқы дуанадан үлгі болып қалган еді. Осы уақыттагы дуаналар Шайцы-Бүрқы дуанага сыйынады. Дуаналар сиынганда «Шайцы-Бүрңы дуапа пірім қолдай көр», - деп сиынады». ...«Асасының пішіні бақсылардың асасы- ■р


ДИУАНА ДИІРМІІІ


на үқсас келеді. һәм ақтаганда аузына түскен сөзді ай-тып тантып жүреді нәм өлең айтып сарнаганда сөзін екі ауыз өлеңмен бастайды», - деп жазады. Демек қазақ бақсыларының пірі - Қорқыт болса, Д.-ның сыйынатын иесі - Шайқы-Бүрқы дуана деп түйін жасауға негіз бар (қ. Шайқы-Бүрқы). Кейбір Д.-лар сопының шайхылары- на айналып, өздерін «Бацаудин ізбасарларымыз» дейді. О.Әлжанов тағы да қоржынында дәрі-дәрмек, асай- мүсейі бар Д. қолына асатаягын үстап, ел ақтап күн көретіндігін, диуананың басына аққу терісінен тігілген баскиім киетіндігін (ол сібір шамандығын елестетеді), бал ашып, сәуегейлік танытып, жын-шайтанды аластап қуатындығын жазады. Ел аралап дуа жасаған Д.-лар ар¬найы өлең айтқан. Ежелгі түсінік бойынша, Д. - ерекше қасиетке ие, Алланың сүйікті қүлы. Мэшһүр Жүсіп дерегінде Шайқы Бүрқы диуананың қырық күн, қырық түн шыркөбелек айналып, шыңнан секірсе де жерге қүламай аман түсетін қасиеті болғаны айтылады. Жалпы диуана, дәруіштер шыркөбелек айналып бнлеу арқылы экстазға кіріп, Жараткан иенің дидарын көруге ынтық болады. «ша

Дуана. Қарцаралы округы Қояпды oifipiueii. ЗСООИК. Т.1. 1929 атты еңбектен

Д. хальщ арасында сирек кездескен, оның бейнесі кейінгі кезеңде қалыптаскан. Ол емшілік, сәуегейлік, бір сөзбен айтқанда бақсылық салттың жүрнағын жалғастырушы, дәнекерші түлға. Мәселен, меңдуана шөбінің атауы «бәңг диуана» (мәңгірген диуана) деген сөзден туындаған. Пір, календар, дэруіш үғымы кейде Д. деп те қолданыла береді. Д.-лар қазақ ауыз әдебиеті үлгілерінде көптеп үшырасады. «Алпамыс батыр» жырында Байбөріге перзент сыйлайтын Баба Түкті Шашты Әзіз әулие Д. кейпінде суреттеледі: Ац сәлдесі басында, Асасы бар цолында, Өзі Хацтың жолында, Көп календер зіркілдеп, Зікір салган соцында Бір диуана келеді: - Жатырсыц нагып балам? - деп, Асаменен түрте береді.. Бабай түкті бабаң - мен, Басыңды көтер, балам-ай. Диуана киімі. Қазақ арасында ертеректе диуана, дэруіш атымен белгілі кезбелер киген киімдер. Д. басына аққу терісін бітеу сойып киеді, кейде шошақ бөрік, үстіне жыртық-жамау шапан киген, қолына асатаяқ пен иыгына қайыр қоржынын салып ел кезген. Д. киетін киім лапас деп те аталған. Лапас Орта Азия діндарларының арасын¬да XIX ғ. II жартысынан бастап киімнің бірегей үлгісі ретінде кең тараған. Лапас - ақшыл бөзден тігілген, жағасыз, үзын жеңді, олпы-солпы, шапанға ұқсас «лыпа» киім. Д.-ны жүртшылық лапас киімінен таниды.

Дуана (Бацсы). С.М. Дудин, 1907 ж. ҚР МОМ цорынан (НВФ 5289/13 а)

Жасы мен жынысына қарамастан шақ пішілген жеңіл, жібек шапан кию Д.-лар арасына кең таралған. Киімнің бұл түрі яғни, трапеция тәрізді жең, екі оңір, бүтін артқы бой тәрізді бес бөліктен түрган. Екінші түрі женде (джанда, хирка) камзол пішіммен пішілген. Женденің өңірі, арқасы, жеңі, иығы жеке-жеке пішіледі. Тағы бір ерекшелігі жақтау қусырмаларындағы иіндесе келген қиықшалары үшкілдеп шабылады. Атал- мыш шапан жиегіне үш қатар әшекей салынған, қүндыз терісімен жүрындалған, кестеленген жібекпен жиектел- ген, оқамен білтеленген, тіптен өрнек, кескін салынған түрі де болады. Орта Азия мен Қазакстанда XX ғ. басында Д.-лар, ка- лендарлар үстіне мелде деп аталатын түсі күрең сүр ша¬пан, басына сыртын биіктете ораған матамен байланған төрт бүрышты келген тақия киген. Тажкулох деп аталған бүл киім календарлар мен Д., дәруіштер арасында кең тараған. Оның тысы өндірісте тоқылған аса үсақ өрнекті дөңгелек, сопақ келген геометриялық кескіндер салынган матадан тігілген. Мелдеде жендедей эртүрлі салпыншақтар тагылмайды. Диуана бәйіт. Диуаналар ел ақтап, дуа жасаганда айтатын өлең. Әдетте ол «Ац пәледен қац, Диуана кел- се есіктен, Пәлекет цашар тесіктен» деген дәстүрлі тіркесті жолдармен басталады. Бүл үлгіде диуананың мақсаты, іс-әрекеті, мінез-қүлқы да көрініс тапқан. Ах, пәледен қақ! Диуана келсе есіктен, Пәлекет цашар тесіктен. Тарқамаса қырсыгың. Дуамен берем шешіп мен. Қызырдың алып батасын, Мүсаның түттым асасын. Шарапат бар бүйымда, Бәлекет-иіайтан қашатын, Әулие жар бон оңдайды, Аяцтьі теріс басатын. Бақыт берсін жүртыма, Багы шалцып жататьін. Дүние цумас жацсылар, Жамылган жалгыз матасын. Кешіре көр тәңірім, Пендесінің қылқан ңатасын? Сонымен бірге оның шайтанды қуып, пәле-жаланы аластап, елді имандылық пен хақ жолына, татулық пен береке-бірлікке үгіттеп келе жатқаны бейнеленеді. Ашкөз болса, пейілің, Иманың цашар терістен. Сайтаныңа жол беріп, Аспанга үшар періштең. Жамандыща қүлама, Пәле ондаймен өбіскен. Әулие-цызыр жар болсын, Малыңды қоргап өрістен. Үрьіспай өткен пенде бол, Үялмай цайта көріскен. Татулыгың табылмас, Тай-ңүлындай тебіскен. Диуананың ел ақтап, жүмыс істемей, жүрт үстінен қайыр-садақа аркылы гана күн коретіні де суреттеледі: Аралап келем алыстан, Ацылым емес данышпан. Байымаймын қаишнда, Садақа алган табыстан. Ацжолтай адам атандым, Алдымда кие жабысқан. Үшыгы болса цуамын, Шашына барып жабысқан. Пейіліңді Аллам сыйласын, Садагаңды ала үиіцан. Елге тек қана дінді гана насихаттамай, ізгілікке үидеп, агайын арасының берекелі, отбасының онегелі, үрпақты ң инабатты болуына тэлімдік уагыз айтатыны да мәтінде корініс табады: Қабагьщ царе жабылса, Қарайып, ниет цабынса, Ацылың ңашып басыңнан, Қуырылып апшың тарылса. Жарыгың тартса цараңгы, Пәлекет басса санаңды. Үмытып цүдай, тәубеңді, Танымай кетсец анаңды. Қырсыгың мініп желкеңе, Шулатсаң цатын-балаңды. Сайтан келіп мәз болып, Ажыратар араңды. Осыны ойлап пақырың, Ел аралап аңырып- Айтып келем, «ел ауган» Әулиелер ақылын. Д. б.-тің ең негізгі түйіні - бүл пэни жалганда күнэдан тыйылып, о дүниеде ныгметке, сауапқа белену уагыздалады: Дүнне қумас жацсылар, Жамылган жалгыз матасын. Кешіре көр тәңірім, Пәндесінің цылган цатасын? ...Адал болсаң тартарсың, Сыйлы орында жемістен. Алла жар боп мацшарда Табысайыц пейіштен!<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Диуана|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}