Дипломатия жаршысы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Дипломатия жаршысы – Дипломатический курьер» журналы - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жалғыз ресми баспа басылымы болып табылады. Ол елдің сыртқы саяси қызметінің өзекті проблемалары мен өңірлік және жаһандық қауіпсіздік мәселелеріне арналған. Аталған журнал, Қазақстан Республикасының шет елдермен бүкіл шарттық-құқықтық базасын жариялайтын Қазақстандағы жалғыз басылым болып табылады. Тоқсанаралық көркемделген түрлі-түсті басылым, Мемлекет басшысының, Сыртқы істер министрінің сапарларын, сөйлеген сөздері мен сұхбаттарын, шетелдік елдер мен халықаралық ұйымдар басшыларының біздің елімізге жасаған сапарларын хронологиялық реттілікте беретін ресми бөлімнен құралады. «Дипломатия жаршысы – Дипломатический курьер» журналының беттерінде Қазақстан Республикасың бүгінгі кезеңдегі екі жақты және көп жақты байланыстарына қатысты материалдар, елдің дипкорпусы саласындағы жаңа тағайындаулар туралы Президент Жарлықтары, сондай-ақ Сенім грамоталарын тапсыру мен елшілерді марапаттау туралы хабарлар жарияланады. Қазақстанның ағымдағы кезеңдегі шет елдер мен халықаралық ұйымдармен экономикалық және гуманитарлық байланыстарының түрлі аспектілері «Қазақстанның әлемдік қоғамдастықпен экономикалық және гуманитарлық байланыстары» бөлімінде көрсетілген. Бұнда көкейтесті екі жақты және көп жақты қатынастар туралы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшілері мен қатар шет мемлекеттердің өкілдері де басылым беттерінде сөз алады. «Қазақстан дипломатиясының тарихы» бөлімі еркше қызығушылық туғызары анық, бұнда оқырман Қазақстанның сыртқы саясаты мен дипломатиясының қалыптасу тарихымен танысады, «Дипломат – Тұлға» рубрикасы ҚР дипломатиялық қызметінің дамуына өлшеусіз үлес қосып жатқан белгілі дипломаттарға арналған. ҚР СІМ Баспасөз-брифингтері «АБК (ҚР СІМ Ақпараттық-баспа кеңесі) баспасөз-орталғы хабарлайды...» бөлімінде көрсетілген, бұнда сыртқы саяси ведомствосының ресми өкілі Қазақстан мен әлемде болып өткен және енді болатын аса маңызды оқиғаларды жариялайды. Журнал беттерінде, сонымен қатар, халықаралық өмірдің аса өзекті проблемаларына қатысты жетекші қазақстандық және шетелдік ғалымдардың, саясаткерлер мен қоғамдық қайраткерлердің талдау мақалалары жарияланады. «Жаңа жарияланымдар мен рецензиялар» беті сыртқы саясат пен халықаралық өмірге қатысты жарық көрген жаңа монографиялар, оқулық қуралдар мен жинақтар туралы хабардар етеді. 700 дана тиражбен шығарыла отырып, ол Қазақстандағы 68 шетелдік елшіліктер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктеріне, сондай-ақ Қазақстанның шетелдегі 138 елшілігі мен консулдықтарына, ұлттық мағынадағы жетекші жоғарғы оку орындары мен ғылыми мекемелеріне таратылады. Халықаралық сахнада елдің сыртқы саяси бейнесін ұйымдастыру және нығайту ісінде, әлемдік қоғамдастыққа кеңінен интеграциялану жағдайында елдің имидждік саясатына белгілі үлес қоса отырып, ол елдің мемлекеттік, қоғамдық органдары, тұтас алғанда дипломатиялық корпус жұмысында қажетті басылым болып табылады.


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}