Динамика

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:41, 2017 ж. сәуірдің 5 кезіндегі Kasymbot (Талқылауы) істеген түзету

Динамика<ref>Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі ISBN 9965-769-67-2</ref> (Үлгі:Lang-el – күш) – механиканың түсірілген күш әсерінен материалдық денелердің қозғалысын зерттейтін бөлімі. Динамиканың негізі – механиканың Ньютон заңдары. Классикалық механиканың бөлімі.

Релятивистік динамика

Релятивистік динамика - механиканың, жылдамдығы вакуумдағы жарық жылдамдығына жақын, дененің қозғалысын оқып- зерттейтін бөлімі.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0</ref>

Кедейшілік динамикасы

Кедейшілік динамикасы - кедейшілік деңгейінің уақыт мерзімінде өзгеруі.<ref name=a1>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 569 б. ISBN 9965-808-89-9</ref>

Қоғамның динамикасы

Қоғамның динамикасы - үлкен әлеуметтік топтарды қамтитын және қоғамның әлеуметтік құрылымында немесе әлеуметтік жүйесінде бейнеленетін әртүрлі өзгерістер, айналулар, ауысулар, үрдістер және т.б.<ref name=a1/>

Әлеуметтік институттардың динамикасы

Әлеуметтік институттардың динамикасы -

  • а) туу сәтінен жоғалу сәтіне дейінгі институттың өмірлік циклы;
  • б) кемелденген институттың қызмет атқаруы, яғни анық және жасырын функциялардың орындалуы, дисфункциялардың пайда болуы және оларды жою;
  • в) институттың эволюциясы - тарихи мерзімдегі түрлер мен мазмұндардың өзгеруі, жаңа функциялардың пайда болуы және ескілердің жоғалуы.<ref name=a1/>

Музыкада

Музыкалық шығармадағы үннің күші мен қаттылығының әр түрлі деңгейі. Динамиканың түрлері италиялықтар тілінде белгіленеді. Дауыс күшінің бірте-бірте өрлеуі, бірте-бірте әлсіреуі - динамикаға акценттің түрлері де жатады.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}