Дидар Қамиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:16, 2016 ж. қарашаның 21 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Жазушы Дидар Жанатұлы Қамиев (10.12.1988 жыл, Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақбауыр ауылы - айтыскер ақын, жыршы, термеші.

Өмірбаяны

Жас айтыскер 2010 жылы Қарағанды қалаcындағы «Болашақ» университетін тәмамдаған.<ref>Дидар Қамиевпен сұхбат</ref> Халықаралық, республикалық ақындар айтысында, жыршы-жыраулар сайысында бірнеше мәрте өнер көрсетіп, жүзден жүйрік атанған. Дидар Қамиевтің орындауындағы жыр-термелер интернет желісінде кеңінен тарап, халықтың ықыласына бөленіп жүр.

Марапаттары

  • 2002 ж. - Көкшетау қаласында өткен «Кемел ойлы хан Кене» атты республикалық жыршы­ жыраулар сайысында 1-орын ;
  • 2005 ж. - Байғозы батырдың 300 жылдық мерейтойына орай өткен республикалық жыршы­жыраулар сайысында 1-орын;
  • 2006 ж. - Қырғызстанда өткен бүкіләлемдік жыршы­эпосшылар фестиваліне қатысып, арнайы медальмен марапатталған;
  • 2008 ж. - Маясар Жапақұлына арналған республикалық айтыста 1-орын;
  • 2008 ж. - Павлодар қаласында өткен М.Ж. Көпейұлының 150 жылдығына арналған республикалық айтыста Бас жүлде;
  • 2008 ж. - Алматы облысы Панфилов ауданының 80жылдығына арналған республикалық айтыста 1-орын;
  • 2008 ж. - Алматы қаласында өткен «Алашыңды ардақта» атты республикалық айтыста 1-орын;
  • 2009 ж. - Қызылорда қаласында өткен "Нұр Отан" партиясының 10 жылдығына арналған республикалық айтыста Бас жүлде ;
  • 2009 ж. - Астана қаласында өткен республикалық жас ақындар айтысында Бас жүлде;
  • 2009 ж. - Қызылорда облысы Шиелі ауданының 80жылдығына арналған «Маржаны Сырдың Шиелі» атты республикалық айтыста Бас жүлде;
  • 2010 ж. - Астана қаласының 12 жылдығына орай өткен республикалық жас ақындар айтысында 1-орын;
  • 2011ж. - Шымкент қаласында өткен республикалық ақындар айтысында Бас жүлде;
  • 2011 ж. - Алматы облысы Ұзынағаш ауданында өткен, Ж. Жабаевтың 165 жылдық мерейтойына орай өткізілген республикалық айтыста 1 орын;
  • 2011 ж. - Қостанай облысы, Амангелді ауданында өткен республикалық айтыста 1-орын иеленген.
  • 2013 ж. - Қарағанды облысында өткен Жидебай батырдың 300 жылдығына арналған республикалық айтыста Бас жүлде
  • 2013 ж. - Қызылорда қаласының 195 жылдығына орай өткен республикалық айтыста Бас жүлде
  • 2013 ж. - Астана қаласында өткен «Жырың болып төгілемін» атты республикалық айтыста 1-орын
  • 2015 ж. - Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл толуына орай өткізілген республикалық айтыста Бас жүлде
  • 2015 ж. - Павлодар қаласында өткен Батыр Баянның 300 жылдығына арналған айтыста Бас жүлде

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер