Дидар Амантай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

13:11, 2016 ж. қарашаның 21 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Жазушы

Дидар Амантай - (1969 жылы 5 ақпанда Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы) - жазушы, сценарист, журналист, қоғам қайраткері. Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" акционерлік қоғамының бас редакторы.

Білімі

Орта мектепті бітірген соң, 1986 жылы Қазақ политехникалық институтына, металлургия факультетіне (орыс бөлімі) оқуға түседі түседі. Бірінші курсты аяқтаған соң, 1987 - 1989 жылдары Қиыр Шығыста, Владивосток қаласына таяу маңда әскери қызметте болады. 1989-1994 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Философия және политология» факультетін үздік бітірген. 1994—1997 жылдары Темірбек Жүргенев атындағы Театр және кино институтын  кинодраматург мамандығы бойынша үздік бітіріп шығады. 2000 жылы Словакия астанасы – Братислава қаласында тоғыз айлық АҚШ жорналшылар курсында (ағылшын бөлімі) оқиды.

Қызмет жолы

19871989 жылдары «Жас алаш», «Заман Қазақстан» газеттерінде тілші, бөлім меңгерушісі;

19972002 жылдары «Хабар» агенттігінде бағдарлама редакторы, «Майдан» ток-шоу редакторлар бөлімінің жетекшісі, «Бетпе-бет» бағдарламасының жүргізушісі;

2002 — 2004 жылдары «Зерде» жобалау тобының жетекшісі;

2004 жылы Ш.Айманов атындағы «Қазахфильм» ұлттық кинокомпаниясының бас редакторы;

20052006 жылдары «Ел мен жер» және «Азамат К2» газетінің директоры;

2004 — 2008 жылдары «Начнем с понедельника» газетінің Бас директоры және бас редакторы;

2008 жылы іскерлік «Азамат» газетінің директоры;

2006 — 2008 жылдары «31 арнаның» «Абайтану» және «Замандастар» телевизиялық бағдарламаларының авторы және жүргізушісі;

2009 жылдан Ш. Айманов атындағы « Қазахфильм » Ұлттық кинокомпаниясының бас редакторы.

Шығармашылығы

Алғашқы кітабы 1996 жылы «Постскриптум» деген атпен жарық көрді. Кейіннен «Қастерле мені» ( романдар, повестер, әңгімелер, эсселер 2000), «Гүл мен кітаптар» (Роман, 2003), «Күзгі рандеву» (повесть-әңгіме 2005) кітаптарымен қатар, «Нұрғиса Тілендиев», «Әлжаппар Әбішев», «Қасым Аманжолов», «Жүсіпбек Елебеков», «Мұқтар Мағауин»  деректі фильмдердің, «Гәкку» («ФЭФ») «А-ға оралу» көркем фильмдерінің «Қарсы бақылау» телесериалының сценариін жазған.

2010 жылы бес  томдық шығармалар жинағының бірінші томы – “Қарқаралы басында” атты кітабы баспа жүзін көреді. Қазір “Махамбет философиясы” атты екінші томы дайындалу үстіндеДидар Амантайдың шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.

Марапаттары

«Дарын» мемлекеттік Жастар сыйлығының (1999), Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты (2007).<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>