Диалектологиялық сөздік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

07:58, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

«Диалектологиялық сөздік» (кітап) – қазақ тілі диалектілерінің, оның ішінде жеке сөйленістерінің лексикалық ерекшеліктері мен құрамында сирек кездесетін фонетикалық, грамматикалық құбылыстарынан мәлімет беретін сөздер қамтылған сөздік .

Сөздікте Қазақстан аумағында жиналған материалдармен қатар Қытай, Моңғолия, Ауған, Иран, Ресей, т.б. шетелдердегі қазақ диаспорасының тілінен алынған деректер пайдаланылған. Сөздік тіл мамандарына, ғылыми қызметкерлерге, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, оқу-ағарту ісі мен мәдениет қызметкерлеріне және қалың көпшілікке арналған. Редакциялар алқасы: Ө. Айтбайұлы, С. Әбдрахманов, Ә. Кекілбаев, Е. Қажыбек, Ә. Қайдар, Б. Қалиұлы, М. Құлкенов, Ш. Сарыбаев, М. Серғалиев, Р. Сыздық, Х. Көбей.<ref>Диалектологиялық сөздік. «Арыс» баспасы, 2007. – 800 бет. Алматы: ISBN 9965-17-471-7</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}