Джиу-джитсу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:37, 2016 ж. тамыздың 24 кезіндегі Мұхамеджан Амангелді (Талқылауы) істеген түзету

Джиу-джитсу<ref>Жолымбетов Ө.Ш., Құлназаров А.К., Спорт терминдерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы, Қазақша-орысша, ISBN 9965-822-48-4</ref> (Үлгі:Lang-ja) — жапонның қарусыз өзін өзі қорғану өнері. Ортағасырлық жапонияда джитсу терминімен қолданбалы техника аталған. Джиу-джитсу сөзінің өзі мойынсұнуды, яғни «жеңу үшін мойынсұнуды» білдіреді. Бір сөзбен айтқанда, бұл күрес пен өзін өзі қорғаудың әмбебап өнері. Қазіргі кезде джиу-джитсу көпшілік жапон жекпе-жек өнері секілді спорт түріне айналды. Джиу-джитсу халықаралық федерациясы, жарыс ережесі жасалды.

Қазақстан Джиу-джитсу ұлттық федерациясы (ҚДҰФ) 1992 жылғы 26 ақпанда құрылып, ҚР Әділет министрлігінде тіркелді. Жауынгерлік өнердің осы түрі бойынша Қазақстанның Бірінші Чемпионаты 1993 жылы 15-16 қарашада Байқоңыр қаласында өткізілді. 1993 жылдан бастап Қазақстан Джиу-джитсу ұлттық федерациясы ҚР 12 чемпионатын және 9 халықаралық турнир өткізді. Джиу-джитсу бойынша ҚР құрамасы мүшелері шетелде жекпе-жек өнері бойынша өтіп жатқан көптеген чемпионаттар мен турнирлерге қатысты. 1998 жылдан 2006 жыл аралығында ҚР-ның 18 шебері, 3 халықаралық деңгейдегі спорт шебері дайындалды.

Джиу-джитсу, шығыс халықтарының жекпе-жек спорт түрлерінің негізін қалаған жапондықтардың дәстүрлі, ұлттық күресі. Д.-джитсудың ерекшелігі шабуыл жасаған қарсыласына дүлей қара күшті қолданбай, оның шабуылшының бағытын өзгертуге, тепе-теңдік қалпынан айыруға содан кейін барып әдіс қолдануға немесе соғуға болатындығында. Д.-дмен айналысушы адамның психикасын анатомияның биофизиканы жақсы білуге тиіс. Д.-д. жарыс 12x12 м. күрес кілемі үстінде өтеді. Кілемнің шеті қабырғадан 1 м. қашық болуы тиіс. Жарыс турнирі - Наге-ваза (Тачи-ваза) және не-ваза деп аталады. Олар жеке спортшылардың шеберлік дәрежесіне және салмақ дәрежелеріне қарай бөлінеді. Д.-ддан жарыс кезінде мынадай атаулар қолданылады: қой-дайындал, хаджиме-бастаңдар, яме-тоқта, матте- бәсеке тоқтатылып бұрынғы қалып сақталған жағдай, осаекоми-қысу, ұстасу, -тохета-ұстасуды тоқтату, иппон-бір ұпай, вазари-жарты ұпай, вазари авазетта илпен-қосымша жарты ұпай, хиккавека-тең жекпе-жек, хантей-аға төрешінің қаталдығы төрешілерден пікірлерін сұрау, чуй-ескерту. Бәсеке 3 мин. созылады, егер осы уақыт аралығында спортшылардың ешқайсысы артық ұпай ала алмаса, онда кілемдегі төрешінің рұқсатымен жекпе-жекті жалғастыруға қосымша уақыт берілуі мүмкін.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}