Джеймс Финтон Лалор

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Джеймс Финтон Лалор (1807 жыл - 1849 жыл 27 желтоқсан) - ирланд ұлттық қозғалысының қайраткері.

Өмірі

1847 жылы «Жас Ирландия» қоғамының сол қанатына қосылды. Әлеуметтік ауыртпалықтардан құтылудың жолы - жерді ұлт қарамағына алу деп түсінді. Дж.Митчельмен бірге Англияның отарлық билігіне қарсы ұлттық көтеріліске қосылып, тәуелсіз Ирландия Республикасын құру идеясын ұсынды. 1848 жылғы көтеріліс қарсаңында тұтқынға алынды және тұтқында жүріп қаза тапты.<ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975ж., 7 том </ref>

Дереккөздер

<references/>