Демократиялық социализм тұжырымы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

23:02, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Демократиялық социализм тұжырымы - демократиялық социализмді әлеуметтік-саяси қозғалыс немесе саяси-идеялық ағым ретінде қарастыруға болады. Демократиялық социализм - кұрделі және көпқырлы ұғым. "Демократиялық социализм" ұғымын бірінші рет 1888 жылы Д.Б. Шоу демократиялық социалистік реформизмді түсіндіру үшін қолданды. Демократиялық социализм тарихы - жұмысшылар қозғалысының тарихымен тікелей байланысты. Жұмысшылар қозғалысының дамуы XIX ғасырдың соңы мен XX ғасыр бойы демократиялық-социализм ұғымын түбірімен өзгертіп жіберді. Демократиялық социализм капитализмге балама ретінде пайда болған. Бұл тұрғыда демократиялық-социализм марксистік идеяның маңызды қағидаларын ұстанды, яғни капитализмді жою, жалпы теңдік, өндіріс құралдары көптікі және т.б. идеялар арқылы қоғамды түбірімен өзгерту, пролетариаттың (жұмысшының) үстемдігін орнату. Кейбіреулер марксистер ұсынған капитализмді жойып, социализмге өту төңкерістік жолын қолдады. Алайда нақты өмірде демократиялық социализм бұл қағидаларды емес, тек қана саяси-қоғамдық институттар мен жалпы қабылдаған ойын ережесін мойындады. Демократиялық-социализм негізіндегі партиялар парламенттік партияларға айналды және де жұмыс табының үстемдік етуші жүйемен интеграцияға түсуіне мүмкіндік берді. Бұл көзқарас бойынша демократиялық-социализмнің кейінгі тарихын марксизмнен біртіндеп алшақтау тарихы ретінде қарастыруға болады. Авторитарлық социализмнің (марксистік идея бойынша, пролетариаттың диктатурасы) пайда болу мүмкіндігін алдын ала болжаған демократиялық-социализмнің реформашылары өздерінің негізгі мақсаты демократиялық социализм орнату деп жариялады.

Демократиялық социализм теориясын негіздеген, әрине, алмандық демократиялық-социалистер атынан Бернштеин екені айқын. Бұдан басқа фабиандық, ағылшындық және гильдейлік социализм, поссибилизм және т.б. француздық социализмнің реформистік ағымдары демократиялық социализмнің дамуына едәуір үлес қосты. Сондай-ақ австромарксизм, әсіресе оның большевизм мен ленинизмге қарсылық білдірген, идеялық басшылары О. Бауэр, М. Адлер, К. Реннерді де айтуға болады. Демократиялық социализмнің көздегені - шынымен еркін қоғам орнату, мемлекеттің негізгі мақсаты - әрбір жеке тұлғаның еркін қорғау.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Тағы қараныз

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Демократиялық социализм тұжырымы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}