Демократиялық саяси жүйе

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

23:02, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Демократиялық саяси жүйе - саяси жүйенің түрі, оған мыналар тән:

  • азаматтардың кепілденген құқықтары мен бостандықтарының кең ауқымы қамтылуы;
  • билеуші және оппозициялық саяси партиялардың еркін қызмет етуі;
  • жалпымемлекеттік өкілетті билік органдарының - парламенттің болуы;
  • сайлаудағы заңды күрес қорытындылары бойынша партиялардың үкіметті жасақтауы;
  • мемлекеттік және қоғамдық органдардың қызмет етуі принциптері және заңцылықтарына бақылау орнататын тәуелсіз соттар жүйесінің болуы;
  • өзін-өзі және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының болуы;
  • көз жеткізу, дәлелдеу мемлекеттік органдар ықпалының негізгі құралы ретінде ақпарат көздерінің еркін қызмет етуі.

Осылайша, демократиялық саяси жүйеге жалпы баға бере отырып, олар мыналарды қамтамасыз етеді деп сеніммен айтуға болады:

  1. басқарушы топтың тұрақты занды мойындалғандығын;
  2. оны қалыптастыруға қалың бұқараның қатысуы;
  3. саясаттың негізгі бағыттарын айқындауға бұқараның тікелей немесе жанама түрде қатысуы;
  4. бүқараның тарапынан басқарушы топты бақылауға алуы.

Осылардың барлығы мүндай саяси жүйелердің бұқараның билік органдарын қалыптастырып, саясатты жүзеге асыруға қатысу құқына негізделгендігін білдіреді. Алайда барлық саяси жүйелер жоғарыда аталған талаптарға сай келе бермейді. Көп жағдайда мұның бәрі шынайылықтан гөрі, әртүрлі жүйелер талпынатъш мінсіз идеалға жақынырақ.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Тағы қараныз

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Демократиялық саяси жүйе|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}