Деидеологизация

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

23:02, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Деидеологизация (Идеологиясыздандыру) - қазіргі қоғамдағы идеологияның беделінің түсуін білдіретін ұғым.<ref name=a1>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 569 б. ISBN 9965-808-89-9</ref>

XIX ғасырдың ортасында ғылымда позитивизмнің белең алуымен қатар әлеуметтік-философиялық ілім ретінде батыстық қоғамдық ойда кеңінен тарады, ғылымдағы буржуазиялық объективизмді және "партия қатарында болмауды" ақтауды мақсат тұтты.

XX ғасырдың соңында, "қырғи-қабақ соғыс" аяқталғаннан кейін басқа мәнге ие болды. Енді ғылымның өз ішіндегі процестер жайлы мәселе көтерілді. Әлеуметтік өмірді барлық қырынан - ұлтқа, ұрпаққа, жынысқа, тапқа, эр аймақтың тұрғындарына қатысты идеологиясыздандыру талаптары қойылды. 1980-ші жылдардың соңы мен 1990-шы жылдардың басында социалистік және капиталистік әлемдердің саяси-идеологиялық қарсы тұруының әлсіреуі жағдайында Ресей саяси қауымдастығында кеңінен жайылды.

Ресейдегі халықаралық және қоғам ішілік қатынастарда идеологиядан арылу уағыздалып, плюрализмді шегінен шығара қолдау орын алды. Батыста да осы кезеңде идеологиясыздандыру бағыты кеңінен тарады. 1980-ші жылдардың соңында американдық саясаттанушы Ф. Фукуяманың "қырғи-қабақ соғыстың" аяқталуына байланысты "тарихтың ақырын" болжамдаған зерттеуі жарияланды. Онда әлемдік сахнадағы саяси-идеологиялық текетірестің аяқталып, бүкіл әлемде батыстық демократия принңиптерінің орнығуы жайлы сөз етілді. Идеологиясыздандыру процестеріне халықаралық өмірдің жаһандануы процестерінің үдеуі жаңа қарқын берді. Алайда, идеология саяси элита дүниетанымынан мүлде жоғалып кеткен жоқ.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Тағы қараныз:

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Деидеологизация|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}