Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Даңқ мемориалы (Алматы облысы Ақсу ауданы Ақсу ауылы)"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:29, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі нұсқасы

<ref>Алматы облыстық Халық Шығармашылығы орталығының жеке ақпараты</ref>

Орнатылу себебі

Ұлы Отан соғысы жылдары Талдықорған облысы Ақсу ауданының Ақсу ауылының 190-нан аса тұрғыны майдан даласында қаза болды. Ақсу ауылындағы жерлес-жауынгерлерге арналған Даңқ мемориалының ашылуы совет халқының фашистік германияны Жеңісінің 40-жылдығына арналған.Тек ескерткіш алғаш салынған жылы 392 адамның аты жөні қабырғаға жазылып ілінген. Оның ішінде Совет Одағының батыры атағын алған 2 адам бар. 2005 жылы қосымша тағы 2 адамның есімі тіркелді.

Құрылған жылы:

1985 жыл

Авторлары

Ескерткіш авторы – мүсінші Е. Қудабаев, сәулетшісі Р. Термер

Мемориал құрылысы

Мемориалдың орталығы мрамордан құйылған, 12-метрлік темір-бетоннан тұрғызылған обелиск болып табылады. Жоғарғы жағындағы алюминді сақинаға «1941-1945» деп жазылған, жоғарғы жағында бесжұлдыз қадалған. Обелиск биіктігі 0,80 см, ауданы 1,27 смх1,27 см болатын тік бұрышты қызыл гранитпен қапталған. Ескерткіштің қабырғаларына «Ер есімі ел есінде» деген және ҰОС құрбан болғандардың есімдері жазылған.Обелисктің жанына гипстен жасалған биіктігі 0,70 см.болатын совет солдаттары мүсінделген мәрмәрлі постамент (биіктігі 1,8м) орналасқан. Орталықта орналасқан (обелиск және 2 мүсін) безендірілген шойынмен (3мх5м) қоршалған, бұрыштарына күміс түсті 4 шырақтар орналасқан. Мемориал орналасқан алаңқай, диаметрі 21 см болатын дөңгелек пішінді. Оның беті көк шөппен көмкерілген. Алаңқайдың периметріне қарай обелисктің екі жағынан биіктігі 2,10 см, ені 0,45 см. бетонды жартылай дөңгелек жасаған Жетыбаев (Маңғышлақ) ұлу тасынан қапталған стелла қоршап тұр. Стеллалардың арасы 7м стелланың ішкі және сыртқы беттерінде алюминнен совет солдатының, соғыс құралдары, соғыстан көріністер бейнеленген. Қызыл түске боялған ірі әріптермен жазылған «Помните» деген жазу, стелланың ішкі жағында ҰОС қайтыс болған 194 жерлес-жауынгерлердің, оның ішінде 2 Совет Одағының Батырлары: Н. Есеболатов пен Е. Сиқымовтың аттары жазылған мраморлы тақталар ілінген.

Маңыздылығы

Бұл ескерткіш бүгінгі бейбіт күнде өмір кешуге қол жеткізген Отан үшін от кешкен 1941-45 жылдардағы фашистермен болған қанды шайқастан қаза болған Қазақстандықтардың құрметіне арналып қойылды.

Дереккөз

<references/>