Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Дақы"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:29, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі нұсқасы

Дақы (дақа) - қалың түбітті теріден, түгі сыртына қаратылып тігілген, қыстық сырттық киім. Көшпелі тұрмыс пен табиғи ортаға лайықталған, аязы қатты, боранды өңірдің тұрғындары киетін дақы тұлып тектес, бірақ жүні сыртына қаратылып, іші матамен тысталып немесе тысталмай жасалады. Дақыны серкенің немесе қылшығы ұзын, түбіті қою тауешкі терісінің әбден жетілген жүн-қылшығын сыртына қаратып, сырттық киімнің (ішік, тонның) ту сыртынан жамылатындай етіп, кең пішін тігеді. Жағасы мен желкені кең, бетті аяздап қорғауға лайықталып жасалатын дақының пішімі кебенекке ұқсас болады. Боранды, аязды күндері жылқы күзетіндегілер, түнгі күзетші, қарауылдар, атты шанамен ұзақ сапарға жолға шыққан жолаушылар дақыны сырт киімнің сыртынан киіп, суықтан қорғанған. Ертедегі киімнің бұл түрі табиғаты қатал өңірлерде кең таралған: оның атауы орыс тілінде доха, моңғол тілінде дахы, хакасша чахы тұлғасында кездеседі. Қазақта жақы деген тай терісінен жасалатын сырт киім де бар. Ақтөбе, Ырғыз өңірінде қойдың қалың, тығыз жабағысын тақы деп атайды, тақыдан күпі жасайды. Бұл тілдік параллельдер осы сөздердің түп-төркіні бір екендігін көрсетеді.

ҚР MOM қорында қара және ақ сұр түсті ешкінің терісінен құрап мол етіп тігілген, ұзындығы 122 см, жеңі 70 см, екі иінінің аралығы 58 см, етегінің шалғайы 257 см, қара түсті мақта матамен астарланған салмақты дақы сақталған. Бел тұсынан сәл ғана қынап пішілген, бүйірінде үшкіл шабулары бар. Жеңі қондырма, үлкен қайырма күйек жаға салынған.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дақы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}